Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ 10-11 сынып оқушылары арасында VІ облыстық дәстүрлі «Абай оқулары» байқауын өткізеді

ШҚУ 10-11 сынып оқушылары арасында VІ облыстық дәстүрлі «Абай оқулары» байқауын өткізеді

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы ШҚО және қала мектептері 10-11 сынып оқушыларының арасында VІ облыстық дәстүрлі «Абай оқулары» байқауын өткізеді.

Байқау мақсаты: ҚР Президентінің «Тәуелсіздік бәрінен де қымбат» мақаласының негізгі идеясын жүзеге асыру, жалпыұлттық бағдарын айқындау, Абай мұрасын насихаттау, ана тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын меңгерту, кәсіптік бағдар беру.

Байқауға қатысуға облыстағы қазақ мектептерінің 10-11 сынып оқушыларын шақырамыз.

Өтетін уақыты: 26-ақпан 2021 жыл. Сағат 9.00-да. Онлайн. ZOOM платформасында.

Сайысқа қатысу үшін тапсырыс 20-ақпанға дейін қабылданады.

Байқау шарттары

Байқау 3 кезең бойынша өтеді:

1. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» – Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы (ұсынылған №1 қосымшаға сәйкес ақын өлеңдерінен үзінді оқу).

2. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» – ақын қарасөздері бойынша сайыс (қарасөздерінің мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беру).

3. «Мен бір жұмбақ адаммын...» – «Абайтану» курсы бойынша жедел сұрақтарға жауап беру (ақынның шығармашылық өмірбаяны, өскен ортасы, поэмалары, зерттеуші-ғалымдар, т.б. туралы сұрақтар қойылады).

Байқауға қатысып, бас жүлдені жеңіп алған оқушыға 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына ШҚУ ректорының білім гранты беріледі, оқушылар және оларды даярлаған жетекшілерге алғыс хат пен сертификат табысталады.

2021 жылдың 20 ақпанына дейін байқауға қатысуға тілек білдірушілер мына е-mail: kaf_kaz_rus@mail.ru бойынша тапсырыс беріп, тіркелулеріңіз сұралады.

Байланыс телефоны: (7232) 25-23-07; (7232) 28-02-00, ұялы тел: 87076720015.

Тапсырыс беру үлгісі:

Қатысушының аты-жөні

Мектеп, сынып

Қатысушының мекенжайы, телефоны

Жетекші мұғалімнің аты-жөні, телефоны

1

 

 

 

 

Қатысыңыздар! Бақтарыңызды сынаңыздар! Жеңіске жетіңіздер!

Оқу грантының иегері болыңыздар!

 қосымша

  1. «Қансонарда бүркітші шығады аңға»
  2. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
  3. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
  4. «Адамның кейбір кездері»
  5. «Ғылым таппай мақтанба»
  6. «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ»
  7. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»
  8. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»
  9. «Желсіз түнде жарық ай»
  10.  «Білімдіден шыққан сөз»
  11.  «Білектей арқасында өрген бұрым»
  12.  «Өзгеге көңілім тоярсың»
  13.  «Жастықтың оты жалындап»
  14.  «Бойы бұлғаң»
  15.  «Әсемпаз болма әрнеге»
  16.  «Әбдірахманға» («Орынсызды айтпаған»)
  17.  «Құлақтан кіріп, бойды алар»
  18.  «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?»
  19. «Татьяна сөзі»
  20.  «Теректің сыйы»

 

 

Қазақ
× You found a Typo