Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Әскери кафедраға запастағы сержант бағдарламасы бойынша оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау және медициналық тексеруден өту – 15 мамырға дейін

Құрметті студенттер, ата-аналар!

Бүгінгі күні әскери кафедраға запастағы сержант бағдарламасы бойынша оқуға түскісі келетіндерден құжаттарды қабылдау және медициналық тексеруден өту басталды.

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқыту үшін құжаттар бірінші, екінші курс (4 жылдық оқумен), бірінші, екінші, үшінші курс (5 жылдық оқумен) студенттерінен, сондай-ақ университетке орта арнайы біліммен (колледжден кейін) түскен бірінші курс студенттерінен қабылданады.

Оқу ақылы.

Оқу мерзімі – 1 (бір) жыл.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі:

1. өтініш;

2. жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);

3. тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме);

4. 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;

5. соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

6. спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса);

7. факультет деканы қол қойған ЖЖООКБ студентінің нақты оқуы туралы анықтама;

8. жеке істі рәсімдеуге арналған қағаз папкасы және екі мөлдір файл.

Мекенжайы: Бажов к-сі, 7 (2 корпус), Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра.

Байланыс тел.: 87052964556, 87715462904, 87758639249, 87770620672, 87752577352, 87475577352.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15 мамырға дейін (қоса алғанда).

Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра

Қазақ
× You found a Typo