Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

С.К.Иманғалиевтің ҚазССР-дің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің бірінші вице-президенті А.К.Құлназаров туралы кітабының тұсаукесері өтеді

Совет Қапановтың «АТАДАН ЖАҚСЫ ҰЛ ТУСА...»

КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕР ШАРАСЫНЫҢ
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Өтетін уақыты: 2 желтоқсан, сағат 16:00

Өтетін орны: С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әкімшілік ғимараты.

Іс-шараның форматы: Еркін кездесу.

Ұйымдастырушылар: ШҚО Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ.

2 желтоқсан күні Совет Қапанұлы Иманғаликовтың Шығыс Қазақстан облысының тумасы, педогогика ғылымдарының докторы, профессор, Балтика халықаралық педогогика академиясының академигі, спорт ғылымының Европалық Ассоциасының және І Петр атындағы ғылым және өнер академиясының толық мүшесі, бірнеше жоғарғы мектептердің құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, мұғалімі және жаттықтырушысы Анатөлі Қожекенұлы Құлназаровтың өмір жолына арналған «АТАДАН ЖАҚСЫ ҰЛ ТУСА...» атты кітабының тұсаукесері жоспарланған.

Іс-шара 3 бөлімнен тұрады.

Сағат 16:00-ден бастап кітаптың тұсауесеріне арналған салтанатты жиын өтеді. Жиын барысында автор қатысушыларды кітаптың қысқаша мазмұнымен таныстырып, еңбектің жазылуына арқау болған Анатөлі Қожекенұлы Құлназаровтың өмір жолын баяндайды . Сонымен қатар, құттықтау сөздер сөйленеді.

Сағат 17:10-17:20 аралығында «Ашық микрофон» бөлімі басталады. Аталған бөлім барысында кез-келген қатысушы өзін қызықтырған сауалдарын авторға жолдап, жауап алып, пікір алмаса алады.

Іс-шараның соңы концерттік бағдарламамен аяқталады.

ШҚО Ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ

 

Қазақ
× You found a Typo