Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-н «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы етіп қайта құру туралы ақпарат

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы №752 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының кейбір мәселелері туралы» қаулысымен, ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі – ҚР ҚМ ММЖК) төрағасының 2020 жылғы 21 мамырдағы №304 «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы»  бұйрығымен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті ШЖҚ РМК коммерциялық емес акционерлік қоғам болып (ары қарай – КЕАҚ, Қоғам) қайта құрылды.

Қоғамның құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті болып табылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қоғам акцияларының 100% мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саладағы уәкілетті орган болып табылады.

КЕАҚ қызметіне жалпы басшылықты Директорлар кеңесі жүзеге асырады (70-тармақ, КЕАҚ Жарғысы). Директорлар кеңесінің шешімімен оның бірінші отырысында басқарманың сандық құрамы мен мүшелері бекітіледі (КЕАҚ Жарғысының 71-тармағы, 6-тармақшасы).

Штаттық санға, еңбек қатынастары саласындағы міндеттемелерге қатысты айтсақ, ҚР Еңбек кодексінің 47-бабында жұмыс беруші қайта ұйымдастырылған жағдайда қызметкерлермен еңбек қатынастары өзгеріссіз қалатыны көрсетілген, яғни қайта құру еңбек қатынастарын сөзсіз тоқтатуды көздемейді. ҚР Азаматтық кодексінің 45 және 46 баптарына сәйкес, заңды тұлғаны қайта құру кезінде қайтадан құрылған заңды тұлғаға қайта құрылған заңды тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері (оның ішінде мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер, штат саны, міндеттемелер, талаптар) ауысады.

Ректорат

Қазақ
× You found a Typo