- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Студент жастарға арналған «ЖАС КӘСІПКЕРЛЕР МЕКТЕБІ» атты оқыту курсының
Өту мерзімі: 5 қараша.
Өту орны: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты, 101 кабинет
Ұйымдастырушылар: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, «Атамекен» ШҚО Кәсіпкерлер палатасы
Мақсаты: Студент жастардың кәсіпкерлік құзыреттіліктерін жетілдіру, прагматизм, бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыру
Іс-шараның мәні: Студент жастар кәсіпкерлік әліппесін үйренеді, бизнес-жоспар жасап, оны қорғауға дағдыланады, қаржылық сауаттылығы артады. Сертификат иеленеді, «Атамекен» ШҚО Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған бизнес-жоспарлар конкурсына жолдама алады.
Қатысушылар: Өскемен қаласы ЖОО- ның студенттері.
Қатысушылар саны: 40 адам.
Курс 40 сағатқа есептелген. Жастар кәсіпкерлігіне мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар туралы жастарға хабардар ету; жастарға актуалды білім мен дағдыларды алуға, ақпарат алмасуға, өз идеяларын жетілдіруге, сарапшылардан кеңес алуға мүмкіндік беру; ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының тізіліміне енгізу үшін үздік бизнес-жоспарларды конкурстық іріктеу; Жастар кәсіпкерлік жобаларын алға жылжыту; Кәсіпкерлік әрекетіне қажетті мінез-құлық құзыреттілігін қалыптастыру міндеттерін шешеді.
Ұйымдастыру комитеті