Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер үйлеріне университет және Жоғарғы колледж бірінші курс, жоғарғы курс студенттерін орналастыру тәртібі - 26-29 тамыз

«Жоғарғы оқу орны студенттерін жатақханамен қамтамассыз ету» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес (Білім және ғылым министрлігінің №189, 2015 жыл, 10 сәуірдегі бұйрығы) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да «2019-2020 оқу жылына арналған Студенттер үйлеріне университет және Жоғарғы колледж бірінші курс, жоғарғы курс студенттерін орналастыру тәртібі» бекітілді.

2019-2020 оқу жылына арналған Студенттер үйлеріне университет
және Жоғарғы колледж студенттерін ( 26-29 тамыз аралығында)
ОРНАЛАСТЫРУ ТӘРТІБІ

1. 1 курс студенттерін орналастыру 2019 жылдың 26 тамызында университет комиссиясымен жүргізіледі:

  1. Тарих, филология және халықаралық қатынас факультеті, психология, педагогика және мәдениет факультетінің («Мектепке дейінгі дайындық», «Педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі», «Дефектология», «Өзін өзі тану», «Психология»), студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 42 мекен-жайы бойынша орналасқан № 3 Студенттер үйіне орналасады.
  2. Жаратылыстану ғылымдары және технология факультетінің студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 40 мекен-жайы бойынша №4 Студенттер үйіне орналасады.
  3. Экономика және құқық факультеті және Жоғарғы колледж студенттері 30 Гвардиялық дивизиясы, 38 мекен-жайы бойынша №5 Студенттер үйіне орналасады (биология, география білім беру бағдарламалары студенттері).
  4.   Психология, педагогика және мәдениет факультетінің «Дене шынықтыру және спорт», «Алғашқы әскери дайындық», «Музыкалық білім» білім беру бағдарламалары студенттері және жергілікті басқару органдарының мемлекеттік тапсырысы  бойынша білім алатын студенттер (ШҚО әкімі гранты) Образцовая, 7 мекен-жайы бойынша №1 Студенттер үйіне орналасады.

2. Орналасу үшін қажетті құжаттар:

  1. №1 қосымшаға сәйкес Ректордың атына өтініш: факультет деканы мен тәрбие жұмысы жөніндегі проректордың қолымен;
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. 3*4 сурет (2 дана);
  4. Қосымша бар болса төмендегідей құжаттар беріледі:
  • ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәліктің көшірмесі немесе балалар үйінен анықтама (бар болса);
  • оралман куәлігінің көшірмесі (бар болса);
  • отбасында 4 немесе одан да көп бала бар екенін растайтын құжаттың көшірмесі (көпбалалалы отбасыларға);
  • мүгедектік туралы анықтама (бар болса).

3. Студенттер үйіне орналастыру келесі кезекте жүргізіледі:

  1. бірінші курс студенттері және «Серпiн-2050» әлеуметтік бағдарламасы бойынша түскен грант иегерлері;
  2. білім гранттары мен әкім гранты иегерлері;
  3. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек балалар;
  4. ақылы оқитын студенттер;
  5. шетелдік студенттер;
  6. магистранттар.

4. Жоғарғы курс студенттерін орналастыру 2019 жылдың 29 тамызында арнайы комиссияның шешімі мен факультет деканының келісімі бойынша жүргізіледі.

2-4 курс студенттерін бұрынғы тұрған студенттер үйлеріне орналастырады.

5. Студенттер үйінде тұру айына, бір орын үшін студенттерге 3100 теңге, магистранттар үшін 8000 теңге.

Комиссия рұқсатын алған соң, студент медпунктке барып, тексеруден өтуі тиіс: 30 Гв.дивизия көшесі, 36 (№ 3 оқу ғимараты, 1 қабат).

Бос орындар болған жағдайда әр факультетте оқитын бір отбасының студенттері бір студенттер үйіне, бір бөлмеге туыстық қатынастарын дәлелдейтін құжат болған жағдайда орналастырылады (ҚР Тұрғын үй кодексіне сәйкес 14 жасқа толған әр жынысты балалар бөлек тұрғызылуы тиіс). 

Ректордың бұйрығымен бекітілген комиссия студенттер үйінің орналасқан мекен жайы бойынша қызмет көрсетеді. Орналастыру комиссиясының жұмыс уақыты – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін).

Студенттердің туыстары мен ата-аналарына студенттер үйінде тұруға құқылары жоқ.

№1 қосымша. (Өтініш үлгісі)

Қазақ
× You found a Typo