Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Су шаруашылығының гидрологиялық-экологиялық негіздері» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізу туралы ақпараттық хат («Эразмус+)

«Су шаруашылығының гидрологиялық-экологиялық негіздері»

бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын өткізу туралы

ақпараттық хат

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Су шаруашылығының гидрологиялық-экологиялық  негіздері» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсына шақырады. Курс  «Эразмус+»: Институционалдық серіктестік тұрақтылығы мақсатында трансшекаралық су пайдалану: Ресей және Қазақстан" халықаралық жоба аясында ұйымдастырылады. 

Курстың мақсаты мамандардың су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау саласында терең білімдерін қалыптастыру және кәсіби қызмет барысында су шаруашылығын экологиялық пайымдау негізінде  дамыту.

Курстың міндеттері:

1. Су шаруашылығы экологиясының жалпы сұрақтарын қарастыру.

2. Халық шаруашылығының әр түрлі саласындағы гидрологиялық-экологиялық аспектілерді көрсету.

3. Антропогендік іс-әрекетпен байланысты су ресурстары мәселелерін шешу жолдарын зерттеу.

Өткізу орны: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ,  №1 оқу ғимараты (Өскемен қ., 30-шы Гв. дивизия к-сі, 34).

Оқу мерзімі: 2017 жылдың 01 - 24 ақпаны аралығы.

Оқыту Moodle платформасында қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы күндізгі формада және курс тыңдаушылары үшін дәрістік, семинарлық, тәжірибелік сабақтарды жүргізумен өткізіледі.

Біліктілікті арттыру курстарын оқу тегін. Жол жүру және іс-сапарлық шығындар жіберуші тарап есебінен төленеді.

Оқыту аяқталғаннан кейін біліктілікті арттыру туралы сертификат беріледі.

Курстың жалпы көлемі 44 сағат (36 сағ. дәрістік; 8 сағ. - практикалық) + бақылау жұмысының саны - 1 (қорытынды тест) - 1 сағ.

Курсты өткізу 14.00 мен 18.00 аралығына (4 сағат) жоспарлануда. Қашықтықтан жүргізу уақыты лектормен келісіледі.

Курсты меңгеру нәтижесінде тыңдаушы:

- су шаруашылы жүйесінің ерекшеліктері мен құрылысымен;

- су шаруашылығын басқару принциптерімен;

- су шаруашылығы кешеніне қатысушылар сипаттамаларымен;

- сумен жабдықтау, суландыру және суды бұру жүйелерінің принципті сызбанұсқасымен;

- суды пайдалану және суды бұру нормаларымен;

- су ресурстарын үнемдеу және су сапасын жақсарту бойынша іс-шаралармен;

- су кодексі ережелерін және басқа да құқықтық, нормативтік құжаттармен танысады.

Курсқа қатысу үшін өтінімді (қоымшада берілген) 27 қаңтарға дейін proekterasmus.vkgu@mail.ru электрондық поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Хат тақырыбына «Курсқа өтінім» деп көрсету қажет.

Толық ақпарат (қажетті құжаттар, курстың сабақ кестесі және т.б.) тіркелген қатысушыларға жіберіледі.

Барлық сауалдарыңыз бойынша Тарина Гүлім Қуатқызына 8 (7232) 540-157 телефоны немесе proekterasmus.vkgu@mail.ru электрондық поштасы бойынша хабарласуларыңызға болады.

«Эразмус+»

        

 

 

Қазақ
× You found a Typo