Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Толеранттылық мектебінің XI сессиясы: «Мультимәдени қоғамдағы әлеуметтік жетістік» - 1-2 қараша

Толеранттылық мектебінің XI сессиясы: «Мультимәдени қоғамдағы әлеуметтік жетістік»

 Өту мерзімі: 1-2 қараша.

Өту орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ.

Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі

Ұйымдастырушылар: Қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі,

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, атындағы Д. Серикбаев ШҚТМУ.

Мақсаты: Толеранттылық мектебінің жұмысы өзара жастар арасында өзара сыйластық идеяларын, мәдени әртүрлілік құндылықтарын кеңінен таратуға және мәдениетаралық диалогты қалыптастыруға бағытталған.

Іс-шараның мәні: ШҚО студент жастарының арасында қоғамдағы әлеуметтік баспалдақтардың принциптері және механизмдері жайлы түсінік қалыптастыру. 

Қатысушылар: ғылыми орталықтардың ғалымдары, Шығыс Қазақстанның кәсіпкерлері мен қоғамдық қайраткерлері, жоо студенттері.

Қатысушылар саны: 60 адам.

1-2 қараша Қазақстан халқы Ассамблеясы көп жылдар бойы (ШҚО) қоғамдық келісім орталығы – облыстық Достық үйі негізінде жүзеге асырып келе жатқан жобасы – Толеранттылық мектебінің XI сессиясы өтеді. Толеранттылық мектебінің жұмысы өзара жастар арасында өзара сыйластық идеяларын, мәдени әртүрлілік құндылықтарын кеңінен таратуға және мәдениетаралық диалогты қалыптастыруға бағытталған. Сабаққа қатысуға Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері мен студенттері шақырылады.

XI сессиясы: Көп мәдениетті қоғамдағы әлеуметтік жетістіктер тақырыбына арналады.

Сабақтарды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дің тәжірибелі тәлімгер-оқытушы-дәріскерлер: тарих ғылымдарының докторы, профессор, профессор А.Н. Алексеенко, т.ғ.к., Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ж.С. Әубәкірова, ә.ғ.к., «Алтайтану» ҒЗО директоры Э.О. Столярова жүргізеді.

Толеранттылық мектебінің жұмысы барысында қатысушылар жерлестеріміздің табыстары тарихымен танысып, Өз өмірлерін қалайша табысты да пайдалы етуге, қазақстандық жастарда қандай нақты  әлеуметтік ресурстар қолжетімді екендігі  және оларды қалай дұрыс пайдалануға, өз күш-жігерін қалай бағалауды және оны жүзеге асыруға болатындығы туралы  кеңестер алу мүмкіндігіне ие болады.

Сабақтың бірінші күні кездесулер мен дәрістер өткізіледі, содан кейін студенттерге командалық тапсырмалар беріледі. Екінші күні орындалған тапсырмалардың таныстырылымы өтеді және Толеранттылық мектебі жұмыстарының қорытындысы шығарылады.

Барлық қызығушыларды осынау қызықты әрі танымдық іс-шараға қатысуға шақырамыз.

Ұйымдастыру комитеті

Қазақ
× You found a Typo