Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» XLII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

18 сәуірінде М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын іске асыру шеңберінде оқытушылар, жас ғалымдар, PhD докторанттар, аспиранттар, магистранттар мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе» атты XLII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

       Конференция жұмысының негізгі бағыттары (секциялары):

  1. Темір жол көлігінде автоматика жүйесін дамыту болашағы.
  2. Темір жол саласындағы радиоэлектрондық және телекоммуникациялық технологияларды дамыту.
  3. Электр энергетикасындағы өзекті мәселелер.
  4. IT инновациялар.
  5. Тасымалдау процесін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер.
  6. Логистикалық жүйелер мен көліктегі тасымалдау процесінің технологиялары.
  7. Қазіргі жағдайда салалық және өңірлік экономикасын басқару.
  8. Темір жол жылжымалы құрам.
  9. Көлік құрылысындағы инновациялар.
  10. Автомобильдер, жол техникасы және стандарттау.
  11. Тіршілік қауіпсіздігі және экология.
  12. ЖОО студенттердің үштілді құзыреттілігін қалыптастыру.
  13. Қазіргі заманның жаһандық сын-тегеуріндері тұрғысындағы жаңа әлеуметтік мүмкіндіктер.
  14. Жаратылыстану-ғылыми пәндердің өзекті мәселелері.
  15. Дене шынықтыру және спорт.

     Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.

     Баяндамалар мен тіркеу үлгісін ұсыну мерзімі – 2018 ж. наурыз айының 19 дейін.

     Материалдарды ресімдеу тәртібі және қосымша ақпарат сілтемеде берілген

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

 

Қазақ
× You found a Typo