- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
15 қыркүйек 2017 ж. сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Күнге қол созған алып» тақырыбында мемлекеттік тілде сауаттылық пен жазу мәдениетін дамытуға бағытталған дәстүрлі Ашық диктант акциясы өтеді.
Патриоттық және білім беру бағытындағы Ашық диктант акциясына «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Туған жер» жобасын жүзеге асыруға ат салысатын барлық санаттағы жастарды шақырамыз.
Акция жастарды Өскемен қаласының тарихы, оның адамдары, жетістіктері, ескерткіштері мен мәдениеті, сондай-ақ қаланың кешегісі мен бүгінін туындыларына арқау еткен жылнамашылармен таныстырады.
Диктант мәтіні Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газетінің 1967 жылғы 18 қаңтардағы санынан алынған. Мәтін Өскемен қаласына арналған: тарихы, топонимикасы, бүгіні мен болашағы. Авторы – Зарықбай Ыбыраев. Мәтін туған өлке Өскемен қаласына деген зор сүйіспеншілікпен баяндалады.
Елу жылдық тарихы бар мәтінді таңдай отырып, ұйымдастырушылар А.С. Пушкин атындағы кітапхана мерзімді басылым беттерінде өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастап жинақталған өлкетану материалдарына бай екендігін айғақтайды.
А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы