С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да жұмыс берушілерге арналған жыл сайынғы «Түлек-2020» анықтамалығы дайындалды.
«Түлек-2020» анықтамалығының мақсаты – университет түлектеріне жұмысқа орналасуға және жұмыс берушілерге білікті мамандарды іздеуге көмектесу.
Анықтамалықта ШҚМУ-да және оның Жоғары колледжінде білімімен, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қызметімен, университеттің қоғамдық өміріне белсене қатысуымен ерекшеленген түлектердің түйіндемелері берілген.
«Түлек-2020» электрондық анықтамалығымен университет сайтының «Жұмысқа орналастыру» – «Жұмыс берушілерге анықтама» бөлімінде танысуға болады.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы