Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Түлектер мен олардың ата-аналарының назарына: ҰБТ-ға қатысуға арналған өтініштерді қабылдау мерзімі

Білім беру ұйымдарына, 11-сынып түлектері мен олардың ата-аналарына

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

МАУСЫМ айындағы ҰБТ-ға қатысу өтініштерін мектептің 11-сынып түлектері үшін ағымдағы жылдың 1-сәуірінен бастап 30-сәуіріне дейін қабылдау басталды.

ҰБТ өткізу мерзімі – 2020 жылдың 20-маусымынан 5-шілдесіне дейін.

Өтініштерді қабылдау мерзімі – 2020 жылдың 1-сәуірінен бастап 30-сәуіріне дейін, бірақ еліміздегі ахуалға байланысты өтініштерді тіркеу рәсімі 15-сәуірден басталады, ол үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет: http://ent2020.testcenter.kz/, бұл жерде жеке кабинет құрылады (сілтеме ашылған соң, тіркелу нұсқаулығы шығады).

Түсуші міндетті түрде Digital ID жүйесінде тіркеуден өтуі тиіс. Егер түсуші 18 жасқа толмаған болса, онда оның заңды өкілі, яғни ата-аналарының біреуі тіркеуден өтуі тиіс.

Сәтті қабылданған өтініш пен статусын түсуші өзінің жеке кабинетінен көре алады!

Нұсқаулық, презентация және басқа ақпарат қосымша жіберіледі.

Егер жеке басын куәландыратын құжаты немесе паспорты жоқ түсушілер болса, онда мектептен келесі тізім қажет: түлектің аты-жөні, құжаттың жоғының себебі (тізім WhatsApp арқылы 15.04.2020 ж. дейін жіберілуі қажет).

 Сұрақтар бойынша WhatsApp 8-777-146-46-92 және осы телефон номері арқылы хабарласуға болады.

Егер қандай да бір өзгерістер болып жатса, қосымша хабарлаймыз.

Құрметпен, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ филиалы

Қазақ
× You found a Typo