- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖҰМЫС КОМИТЕТІ
Ш.ШАЯХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысымен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2016 жылдың 20 мамыр күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына «Түркі жазба мәдениеті: тарихи тағлым және тәуелсіздік мұраттары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізеді.
Конференция мақсаты – әлемдік өркениет үдерісіндегі түркі халықтарының мәдени және рухани мұраларын оқып-үйрену, дамыту және түркі жазу мәдениетінің кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіру.Конференцияда тарихымыздың аса құнды мұрасы болып саналатын көне түркі жазуы мен мәдениеті төңірегіндегі өзекті мәселелер қозғалады. Іс-шараға отандық танымал түркітанушы ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары, докторанттар (PhD), магистранттар қатысады.
Іс-шара аясында конференция материалдары жинақ болып шығады.
Жинақ бойынша қойылатын талаптар:
Баяндамалар электронды нұсқада, шрифт – Times New Roman, кегль – 14, интервал – 1, ені теңестірілген; азат жол – 1 см, беттің бағдары – кітаптық, жоғары және төменгі шеті – 2,0, сол жағы – 3,0, оң жағы – 1 см. жіберілуі тиіс.
Баяндаманың аты ортада бас әріппен жазылады. Оның астында екі аралықтан соң бас әріппен автор(лар)дың аты-жөні және тегі, қызмет орны оң жаққа курсивпен беріледі. Келесі жолға мақала мәтіні жазылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында беріледі. Тақырыпқа, конференция талаптарына сәйкес келмейтін баяндамалар жинаққа енгізілмейді.
Баяндамалар 7 мамырдан кешіктірілмей қабылданады және конференция материалдары алдын-ала жарық көреді. Жинақтың электронды нұсқасы tilortalyk@mail.ru сайтында орналастырылады. Жарияланым тегін.
Мақалаларыңызды tilortalyk@mail.ru электронды мекенжайына жіберулеріңізге болады.
Конференция 2016 жылдың 20 мамыр күні С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжіліс залында өтеді (Өскемен қаласы, Қазақстан, 55 көшесі). Басталуы сағ. 10.00-де.
Біздің мекенжайымыз:
Астана қаласы, Сауран көшесі 7 а . Ұйымдастыру комитеті.
Факс: 8 (7172) 408397; Тел: 8 (7172) 408393 (жұмыс) ; 87771753575; 87755411989 (ұялы).