Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау – 1-15 желтоқсан

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің қабылдау комиссиясы 2020 жылдың 1-15 желтоқсан аралығында ҰБТ-ға қатысуға өтініштер келесі тұлғалардан Ұлттық тестілеу орталық сайты арқылы онлайн режимде қабылданатынын хабарлайды:

- орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларынан;

- ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, жоғары оқу орындарына күндізгі оқу бөліміне ағымдағы жылы ақылы негізде қабылданған білім алушылардан;

- ақылы негізде шығармашылық білім беру бағдарламалар тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалардан.

ҰБТ-ға қатысушылар деректер базасына (бұдан әрі – ДБ) тіркелу үшін https://ent.testcenter.kz/ сайты арқылы онлайн-өтініш береді.

Онлайн-өтініш берудің басты шарты тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты («жеке куәлігі» немесе «паспорты») болуы тиіс.

Байланыс телфондары: 8 (777) 709-83-88; 8 (7232) 540-812.

ҰБТ 2021 жылдың 15-20 қаңтар аралығында өткізіледі.

 Қабылдау комиссиясы

Қазақ
× You found a Typo