Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Химия кафедрасы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Жер ғылымдары факультеті Химия және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасы |
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Химия кафедрасы 2018 жылдың 19 сәуірінде химик-ғалым, педагог, соғыс ардагері, Жоғары мектеп құрметті қызметкері, ӨПИ бірінші ректоры, ШҚМУ құрметті ректоры, профессор, т.ғ.к. Уәлиев Жұмаш Кәрімұлының туғанына 95 жылдығына арналған «УӘЛИЕВ ОЛИМПИАДАСЫ – 2018» тұрақты университет аралық студенттер олимпиадасын өткізеді.
Олимпиада 2 турдан тұрады:
I тур – теориялық (тақырыбы: «Тұздар»),
II тур – тәжірибелік (тақырыбы: «Сапалық талдау»).
Олимпиадаға қатысуға 1-3 курс студенттерінен құрылған (әрбір ЖОО – нан 1 топ) топтар шақырылады. Олимпиада аясында жеке және топтық жүлделер үшін жарыстар өтеді. Олимпиадаға қатысуға өтінімдерді ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына 18 сәуірге дейін жазбаша немесе электронды түрде жіберуге болады.
«УӘЛИЕВ ОЛИМПИАДАСЫ – 2018» тұрақты университет аралық студенттер олимпиадасына ӨТІНІМ
Студенттің аты-жөні (толық) _________________________________________________ ЖОО______________________________________________________________________ Факультет _________________________________________________________________ Курс, топ ________________________ Мамандық ________________________________ Байланыс телефоны _________________________________________________________ Электронды почта (e-mail) ____________________________________________________
|
Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: ҚР, Өскемен қ., С.Аманжолов атындағы мемлекеттік университет, химия кафедрасы, 408. каб.
Телефон: 8 (7232) 540-482
E-mail: san_os@mail.ru
Барлық сұрақтар бойынша Оразова Сән Советбековнаға хабарласуға болады. Байланыс телефоны 8-705-510-06-61.
ҚАТЫСЫҢЫЗДАР, ЖЕҢІМПАЗ БОЛЫҢЫЗДАР