Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Ұлы дала мұрагерлері» мерекелік флешмобы - 30 қараша

«Ұлы дала мұрагерлері» мерекелік флешмобы

Өткізілу уақыты: 30 қараша, сағат 15.00 -де

Өткізілу орны: Өскемен қаласы, «Еуразия» сауда үйі

30 - қараша күні Өскемен қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Еуразия» сауда үйінде  «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар флешмобын өткізеді. Іс – шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналады. Сондай – ақ дәстүрлі флешмоб «Рухани жанғыру» бағдарламасын іске асыруға қосқан үлес болып табылады. 

Домбыра оркестрі халықтың танымал және сүйікті  «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Перов маршы» күйлерін орындайды.

Осында Өскемен қаласындағы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Шашу» хореографиялық ұжымы «Шалқыма» биін билеп, вокалды – хор студиясы «Елбасы» әнін айтады. 

Флешмобтар Қазақстанның көптеген ірі қалаларында, сондай – ақ Астана мен Алматыда бір мезетте өтеді.  Олардың да ұйымдастырушылары Назарбаев Зияткерлік мектептері болып табылады. Тұңғыш Президент Күніне арналған бұл дәстүрлі іс – шара 2015 жылдан бастап өткізіліп келеді және адамдарды қазақ мәдениетіне тартып, айрықша позитивті қуат береді.

Үйлестіруші,  директордың тәрбие ісі жөнінде орынбасары,  Мұхтарханова Г.

Қазақ
× You found a Typo