Құрметті әріптестер!
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Сізді 2019 жылғы 25 қазанда "Ұлы Дала тарихы: тарихтан қазіргі заманға дейін" атты XI Еуразиялық Форумының жұмысына қатысуға шақырады.
Форум жұмысы "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы Даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласын, 2019 жылғы 02 қыркүйектегі ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға бағытталған.
Еуразиялық Форумның негізгі мақсаты - Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті бойынша ғылыми зерттеулердің қазіргі тәжірибесімен алмасу. 2020 жылы ұлы ойшылдардың мерейтойы - әл-Фарабидің 1150 жылдығы және Абай Құнанбайұлы 175 жылдығы аталып өтіледі, осыған байланысты Еуразиялық Форумның жұмысы келесі бағыттар бойынша өткізіледі:
- тарихи тұлғалар контексіндегі Ұлы Дала;
- әл-Фараби және араб-мұсылман әлемі;
- абайтанушылардың тұжырымдамалық мәселелері;
- қазіргі тарих ғылымы және қоғамдық сананың жаңғыруы.
Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Баяндаманы Форум бағдарламасы мен жинағына енгізу үшін 2019 жылдың 20 қазанға дейін ұйымдастыру комитетінің адресіне тіркеу формасын, баяндама мәтінін жолдау қажет.
Материалдар келесі талаптарға толықтай сай рәсімделуі қажет:
Ұйымдастыру комитетінің адресі: Қазақстан, Нұр-Сұлтан қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ті, Пушкин көшесі, 11, 312 аудитория, e-mail: eurasian.forum.enu@gmail.com
Өткізу орыны мен уақыты: Нұр-Сұлтан қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ті, Сатпаева көшесі, 2 үй, аудитория 259. Шара өткізу уақыты: 2019 жылдың 25 қазанда, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, қатысушыларды тіркеу уақыты: 09.00-ден 09.55-ге дейін.
Байланыс мәліметтері: Батталов Қайрат Қанатұлы – ұялы тел. +77757675752; Жапекова Гүлфайруз Қабдолқызы – ұялы тел. +77013241971; Мұхамеджанова Нұргүл Ахметжанқызы - ұялы тел. +77751751876.
«ҰЛЫ ДАЛА ТАРИХЫ: ТАРИХТАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА ДЕЙІН» XI Еуразиялық Форумы қатысушысының тіркеу формасы
|
Тегі, аты, жөні (қазақ және орыс тілдерінде) |
|
|
Жұмыс орыны, лауазымы (ұйымның атауы, адресі) |
|
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы |
|
|
Автордың адресі (индексті қоса) |
|
|
|
|
|
Телефон (кодпен бірге) |
|
|
Қазақ және орыс тілдерінде баяндама атауы |
|
|
Қажетті техникалық құралдар |
|
Баяндаманың мәтінін рәсімдеу үлгісі
ЕУРАЗИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ОРНЫ:
ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ахметова С.П., т.ғ.к.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты,
этнология мен антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері
Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні
Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі:
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. – 296 б.
2. Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10- 17.
3. Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля.
Ұйымдастыру комитеті