Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Universum-2020 мансаптық зерттеуі басталды - 2020 жылдың 23 наурызына дейін

2018 жылдан бастап С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Universum Global (Стокгольм, Швеция) компаниясымен бірлесіп жұмыс бастады. Еске сала кетсек, Universum компаниясы – жұмыс беруші брендінің әлемдік көшбасшысы болып табылады. Компания бүкіл әлем бойынша 200-ден астам университет және жұмыс берушілермен жұмыс істейді.

Ынтымақтастық аясында, 2018 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың сәуіріне дейін 329 университет студенттері «Universum  Career Test» тестілеуінен өтіп, өзінің мансаптық түрін, оқуды бітіргеннен кейін қандай жалақыға сене алатынын және қандай компаниялар олардың мансаптық үміттеріне ең жақсы жауап беретінің туралы біле алды (толығырақ Universum 2019 есебімен университеттің ресми сайтында «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде танысуға болады).

Ағымдағы жылдың қараша айынан бастап ШҚМУ студенттері үшін тестілеуден өту үшін сілтеме ашылды https://careertest.universumglobal.com/s/20kzamanzheka. Бұл сілтеме 2020 жылдың 23 наурызына дейін қолжетімді болады (сондай-ақ, тестілеу университеттің ресми сайтында «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде, «Мансаптық тест» қосымша бетінде өтуге болады).

Сонымен қатар, ШҚМУ студенттері Universum компаниясының серіктестеріне TopResume-ге өз түйіндемелерін жіберіп, оның халықаралық стандарттарға сәйкестігін тегін тексеруге мүмкіндігі бар.

Осы зерттеудің нәтижелері ЖОО-ға студенттердің мансаптық үміттері мен қалауларын түсінуге, студенттердің кәсіби қызметке дайындығын анықтауға, сондай-ақ университет брендінің қабылдануын білуге көмектеседі. Сондықтан әр студент пен түлектің қатысуы университет үшін маңызды!

Қосымша сұрақтар бойынша №1 оқу ғимараты, 123 каб. маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығына хабарласуға болады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo