Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Үштілділік білім беру: ұлттық басымдылықтар және халықаралық тәжірибе»

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

С.Аманжолов атындағы

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ҮШТІЛДІЛІК БІЛІМ БЕРУ: ҰЛТТЫҚ БАСЫМДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» халықаралық қатысумен

 Аймақтық ғылыми-практикалық конференция

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 2016 жылдың 27 мамыры күні «Үштілділік білім беру: ұлттық басымдылықтар және халықаралық тәжірибе» атты халықаралық қатысумен аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

            Конференция үштілділік білім беруді енгізудің нормативті, ұйымдастырушылық, мағыналылық және технологиялық көрінісі мәселелеріне; үштілділік білім берудің ахуалы жөніндегі пікірлер алмасу мен тәжірибені жинақтауға; мемлекетті одан ары қарай дамытудың «100 нақты қадам- Ұлт жоспарын» жүзеге асыру жағдайында қазақстандық және халықаралық сарапшылардың, іс-тәжірибеде қолданушы мұғалімдердің, басшылар мен ғалымдардың жинақталған тәжірибелерінің ұсынымдарын әзірлеуге  арналған.

Коннференция барысындағы жұмыс келесі бағыттарда жоспарланады:

Секция 1. ҮШТІЛДІЛІК БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҮРДІСТЕРІН БАСҚАРУ.

Секция 2. ҮШТІЛДІЛІК БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ӘЗІРЛЕУДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК   КӨРІНІСІ.

Секция 3. ҮШТІЛДІЛІК БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АРҚЫЛЫ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫ КАДРЛАРДЫ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақша, орысша, ағылшынша.

Конференцияға қатысуға қазақстандық және халықаралық білім беру ұйымдарының өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар, үштілділік білім беру саласындағы халықаралық сарапшылар, педагогикалық қоғам, мұғалімдерді кәсіби дамыту ұйымдарының, тілдік мектептер мен лингвистикалық орталықтардың, БАҚ-тың және т.б. өкілдері шақырылады. 

Конференция тәртібі:

-   10.00 –нан  13.00-ге дейінсекция жұмысы

- 14.00-ден 16.30-ға дейін«Үштілділік бәсекеге қабілетті білім беруді дамытудың ресурсы ретінде» пленарлық отырыс. Қарар қабылдау. Сертификаттарды тапсыру.

Конференцияға қатысу шарттары

Конференцияға қатысу үшін 23 мамырына дейін е-mail: 3_poliyaz@mail.ru поштасына материалдарды жолдау қажет.  

Баяндама мәтінінің көлемі  А4 форматында (мақала пікірсіз қабылданбайды) 5 беттен аспауы қажет. Жұмыс бұрын жарияланбаған немесе жарияланым үшін басқа басылымдарға жолданбаған болуы тиіс. 

  1. Пікірдің сканерленген көшірмесі(қол қойылған және мөрмен бекітілген);
  2. Үлгі бойынша қатысуға өтінім;
  3. Ұйымдастыру жарнасының төлемақысы туралы түбіртектің сканерленген көшірмесі.

Жоғарыда аталған барлық құжаттар бір файлда тіркеледі (архивтелген түрде).

Конференцияға қатысу үшін  өтінім үлгісі

Тегі, аты, әкесінің аты (толығымен)

 

Ғылыми атағы, дәрежесі

 

Ұйымы, лауазымы

 

Материалдар жинағын жіберу үшін алушының ТАӘ, индексімен пошталық мекенжайы

 

Халықаралық байланыс кодымен телефон, ұялы телефон

 

E-mail (қазіргі)

 

Баяндама атауы

 

Секцияның нөмірі мен атауы

 

Жинақтың қажетті саны (егер электронды нұсқасы ғана қажет болса көрсетіңіз)

 

Қатысу түрі (міндетті түрде):

 

  1. Іштей

 

  1. Сырттай

 

 

Жарияланымға конференцияның проблемалық аясына немесе рәсімдеу ережелеріне сәйкес емес материалдар, сондай-ақ ұйымдастырушы комитет белгілеген мерзімнен кейін ұсынылған материалдар қабылданбайды.

Конференция нәтижелері бойынша ӘОЖ және ББК коды берілген ғылыми еңбектер жинағы шығарылады. Өтінімде көрсетілген электронды мекенжай бойынша басылым күні мен жинақты жіберу – 2016 жылдың 10 шілдесіне дейін.

Конференцияға қатысушылардың жол жүру, тұру және тамақтану шығындары өз жеке есебінен немесе іссапарға жіберуші мекеме есебінен іске асырылады.

Материалдарды рәсімдеу талаптарыв

Материалдар электронды нұсқада ұсынылады: MS WORD  текстік редактор; А4 форматы, негізгі шрифт – Times New Roman; кегль – 14; жоларалық интервал – 1,  теңестіру –мәтіннің ені бойынша; азат жол – 1,25 см, барлық жиектері – 2 см. Беттер нөмірленбейді.

Үстіңгі жоғары жағында – баяндама атауы бас әріппен, жартылай қара; одан ары бір жолдан кейін, ортада – инициалдары және автор(лар)дың тегі (бір баяндамаға үштен аса автордың қатысуы мақұлданбайды), бір жолдан кейін-мекеме, қала, автор(лар)дың E-mail, одан ары бір жолдан кейін- мақаланың мәтіні. Әдебиетке сілтеме – төртбұрыш жақша ішінде. Әдебиеттер тізімі міндетті түрде.  

Мәтіннің соңында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде (3-4 сөйлеммен) аңдатпа болуы тиіс. 

Суреттердің көлемі мақаланың ¼ көлемінен артпауы тиіс. Суреттер, иллюстрациялар, фотосуреттер файлға кіріктірілген TIFF немесе JPG кеңейту арқылы  ұсынылады. Мәтіндегі әрбір суретте сілтеме болуы тиіс, суреттердегі нөмірлер  - алмаспайтын, суреттерге қол қойылуы тиіс.

Төлемақы шарттары:

Конференция жинағындағы жарияланым үшін ұйымдастыру жарнасы 2500 теңге, Қазпошта арқылы жинақты жеткізу кезінде қосымша міндетті түрде 1000 теңге төлеу қажет. Жеткізу төлемақысы ұйымдастыру жарнасының жалпы соммасымен қатар төленеді.  Ұйымдастыру жарнасын  төлеудің төлемдік реквизитері.

«С,Аманжолов атындағы ШҚМУ»  РМҚМ

070020, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34

ИИК KZ1631 9B010 000 333 860     

РНН 181800014976

БИН 990240007414

БИК ABKZ KZ KX, КБЕ 16

«БТА банк» ШҚФ АҚ

Төлемді белгілеу: конференцияға қатысу үшін

Төлемақыны төлеген кезде қатысушының тегі мен инициалының көрсетілгендігін міндетті түрде қадағалау қажет.

Мекенжай: 070020, ШҚО, Усть-Каменогорск қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34 ( №1 оқу ғимараты), тел./факс. 8(7232)540-171.

Жоба жетекшісі: Мырзагалиева Анар Базаровна- б.ғ.д., 8(7232)540-060

Материалдар жинағы үшін жауапты: Байжуманова Лейла Толеубаевна, 8(7232)241-401.

 

Қазақ
importance: 
важное
× You found a Typo