Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА»: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ - 20 қыркүйек - 8 қазан

«ҰСТАЗ – ҰЛЫ ТҰЛҒА» 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ӨНЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

«Алтын ғасыр» шығармашылық орталығы «Ұстаздар күні» мерекесіне орай қыркүйек айының 20-сы мен қазан айының 8-і аралығында «Ұстаз – ұлы тұлға» атты Республикалық байқау ұйымдастырады.

ДИПЛОМДАР, СЫЙЛЫҚТАР:

Басты сыйлық – Ұялы телефон. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша төрт жанрдан таңдалып,  ең үздік төрт өнерпазға сыйлыққа ұялы телефон беріледі.

Бас жүлдеге – диплом, медаль  және кітап беріледі. (қазақ ақын-жазушыларының кітабынан)

Орын алған қатысушыға – диплом және медаль беріледі.

Жетекшіге – «Үздік ұстаз» дипломы мен арнайы блакнот беріледі.

Қатысушы мен жетекшінің дипломдары электронды түрде ватсап нөмірлеріне немесе электронды почтаға жіберіледі.

Медаль мен кітап, блакнот,қалам сыйлықтары Казпочта арқылы жөнелтіледі.

ҚАТЫСУ ЖАРНАСЫ

Жеке қатысушыға - 3000 тг.

Топ болып қатысса – әр қатысушыға 2000 тг.

Бір мектептен жеке 10 оқушыдан жоғары қатысса, әрқайсынан - 2000 тг.

РЕКВИЗИТТЕР

КАSPI БАНК (ГОЛД) картасы -  5169 4971 5252 2599.  (010323500348 ИИН нөміріне тіркелген,  Нұрқанат Тәңірбергенұлы деп шығады)

ХАЛЫҚ БАНК cчет нөмірі - KZ866010002009077522.  (ИИН нөмірі – 900617302247 Самат Рыскелдиев деп шығады) Казпочтадан осы счетқа салуға болады.

ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ

5 – 7 жас – бүлдіршін топ, 8 - 10  жас – кіші топ, 11 - 13 жас – орта топ,

14 - 16 жас  – жасөспірім топ, 17 - 20  жас – жоғарғы топ.

БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ

«Көркем сөз», «Вокал», «Хореография», «Аспапта ойнау», «Дәстүрлі ән», «Бейнелеу өнері», «Қолөнері», «Мүшәйра», «Шығарма» жанрлары.

АРНАЙЫ НОМИНАЦИЯЛАР

«Менің сүйікті ұстазым» (бейнеоролик)

«Біздің мектеп» (бейнеоролик)

«КӨРКЕМ СӨЗ» жанры бойынша қатысушы ұстаз, білім, мектеп тақырыбында кез келген автордың бір өлеңін жатқа мәнерлеп оқып, видеоға түсіріп жіберу қажет. Уақыты – 2 минуттан аспау шарт. Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты)

«ВОКАЛ» жанры бойынша қатысушы ұстаз, білім, мектеп тақырыбында кез келген тілде бір әнді жанды дауыста арнайы минусовканың сүйемелдеуімен (акапелла түрінде де болады) орындап, видеоға түсіріп жіберу шарт. Видеоның  жады көп болмаған жөн. (памяты) (Дуэт,трио,квартет,квинтет және хор ұжымы қатыса алады)

«ХОРЕОГРАФИЯ» жанры бойынша қатысушы (топ) еркін тақырыпта кез келген бір  биді билеп, оны видеоға түсіріп жіберуі шарт. Видеоның  жады көп болмаған жөн.

«АСПАПТА ОЙНАУ» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта кез келген автордың бір музыкалық туындысын кез келген аспапта орындап, оны видеоға түсіріп жіберу шарт. Видеоның  жады көп болмаған жөн.

«ДӘСТҮРЛІ ӘН» жанры бойынша қатысушы  еркін тақырыпта кез келген халық әнін немесе терме, халық композиторларының әнінен бір әнді домбыраның сүйемелдеуімен жанды дауыста орындау керек. Орындауды видеоға түсіріп жіберу шарт.

«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ»  жанры бойынша қатысушы ұстаз, білім, мектеп тақырыбы аясында бір немесе екі сурет салып, оны фотоға түсіріп жіберу шарт. Фота сапалы болу керек. Суреттің форматына шектеу жоқ.   Фотоны MS Word программасына салып жіберуге болмайды!!

«ҚОЛӨНЕРІ» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта бір немесе екі бұйым жасап, оны фотоға түсіріп жіберу керек. Фото сапалы болу шарт.

«МҮШӘЙРА» жанры бойынша қатысушы жадынан ұстаз, мектеп, білім тақырыбында өлең жазып, оны компьютерде теріп (MS Word программасында) жіберу шарт. Өлең шумақтары он шумақтан аспау керек.

«ШЫҒАРМА» жанры бойынша қатысушы ұстаз, мектеп, білім тақырыбына екі беттік шығарма (эссе) жазып, MS Word программасында теріп жіберу шарт.Шығармаға жоспар құрмаса да болады.

АРНАЙЫ  НОМИНАЦИЯЛАР

«МЕНІҢ СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМ» номинациясы бойынша қатысушы өзінің сүйікті ұстазы немесе ұстаздары жайында үлкендердің көмегімен арнайы 2 минуттық бейнеоролик жасап жіберу шарт. Видеода қатысушы өз дауысымен ұстазы жайында айта отырып, видеода түрлі фото-видео материалдарды қолданып өрнектеуге болады. Видео 2 минуттан аспау керек, және жады  (памяты) көп болмаған жөн.

«МЕНІҢ МЕКТЕБІМ» номинациясы бойынша қатысушы өзінің мектебі туралы үлкендердің көмегімен арнайы 2 минуттық бейнеролик жасап жіберу шарт. Видеода қатысушы өз дауысымен мектебі туралы ақпараттарды айтып, онда түрлі фото-видео материалдарды қолдануға болады. Видео 2 минуттан аспау керек, және жады  (памяты) көп болмаған жөн.

ӨТЕТІН УАҚЫТЫ

Сұраныстар 2020 жылы 20-шы қыркүйек  пен 8-ші қазан аралығында altyngasyr.ortalygy@mail.ru  электронды почтасына немесе 8 777 025 57 82 ватсап нөміріне  қабылданады. Жарнасы төленген чекті, өтінішті және фото-видео жұмыстарды барлығын бірге жіберу қажет. Бөлек-бөлек салмаңыз! Не почтаға не ватсапқа ғана жіберіңіз, екі жаққа бірдей салмаңыз.

10-шы қазан күні әділқазылар алқасы барлық қатысушылардың өнерін бағалап, орындарын белгілейді. Орындар жазылған тізім @altyn_gasyr_konkurs  инстаграм парақшасында жарияланады.

12-ші қазан күні барлық қатысушылардың жүлделі медальдары мен  сыйлықтары Казпочта арқылы жөнелтіледі. Дипломдар электронды түрде ватсап нөмірлеріне, электронды почталарға жіберіледі.  Облыстарға сыйлықтар (медаль,кітап) Казпочта арқылы 4-10  жұмыс күнде жетеді. Мекен-жайыңыз бен индексті мұқият қатесіз жазған абзал,  сонда  сыйлықтар ертерек  адаспай  Қазпочтамен  жетеді.

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ

+7 747 591 1097,  8702 173 82 56 (сұрақтар үшін)

WhatsApp - +7 777 025 57 82 (тек сұраныс жіберу  үшін  ватсап  нөмірі)

Эл.почта: altyngasyr.ortalygy@mail.ru

@altyn_gasyr_konkurs  инстаграм парақша

Өтініш толтыру кестесі. Толық әрі сауатты толтырыңыз. (үлгі)

Қатысушының аты-жөні толығымен

Есжан  Рамазан  Жамбулұлы

Толық жасы

7  жас

Жетекшінің толық мекен-жайы, индексі.

(міндетті толтыру)

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құмарық ауылы.

Жібек жолы көшесі 1.  Индекс 080911

Қатысатын жанры

«Көркем сөз» жанры

Шығарманың атауы (авторы)

«Қазақстан». Авторы:М.Мақатаев

Қатысушының жетекшісі, жетекшінің  телефон нөмірлері:

(үй телефоны жарамайды,ұялы телефон нөмірі  қажет)

Қазақбайқызы Гаухар

8702 173 82 56

ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» сыйлығының лауреаты, Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы, ақын, аудармашы – Саят Қамшыгер.

Халықаралық, Республикалық байқаулардың жеңімпазы, педагог-вокалист, музыкант – Ибрагимов Дархан.

Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің «Көркем өнер» факультетінің оқытушысы, суретші - Иманбакиев Ернат Әуесханұлы.

Алматы қалалық Оқушылар сарайының «Көркем сөз» бірлестігінің жетекшісі, педагог, ұйымдастырушы-сценарист - Сандуғаш Рыскелді.

Ұйымдастыру комитеті

 

 

Қазақ
× You found a Typo