Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Үздік жас ғалым-2020» жинағы

Ақпараттық хат

ҚҰРМЕТТІ ЖАС ҒАЛЫМДАР!

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жас ғалымдарын қолдау үшін қолға алынған Республикалық «Үздік педагог» жобасы аясында шығарылатын «Үздік жас ғалым - 2020» атты ғылым жолындағы жас ғалымдардың кітап жинағының екінші шығарылымына құжаттар қабылдау басталғанын хабарлаймыз!

Байқауға білім беру ұйымдарының Phd докторанттарын, магистранттарды, аға оқытушыларды, оқытушыларды, жас мамандарды шақырамыз!

Байқау талаптары: - Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясын (3-жақта жазылған); соңғы 3 жылда жеткен жетістіктерінің (диплом, сертификат, алғыс хат, құрмет грамоталары) көшірмелерін; ғылыми еңбектер тізімі және бір ғылыми мақаласының көшірмесін, сонымен қатар 3\4 форматтағы, алты дана жұмыс барысында түсірілген сапалы фото-суреттерін жіберуі тиіс.

Құжаттарды 2020 жылдың қазан айының 15-не дейін uzdik2019@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы керек. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірінде қабылданады.

Өтініште міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайға, республикалық кітап жинақты, дипломды, төсбелгіні, куәлікті, сертификаттарды казпочта арқылы жіберілетін болады). Кітап жинаққа Республика көлеміндегі ЖОО және колледж оқытушыларының өмірбаяндары мен фото суреттері енгізіледі.

Жинаққа енгізу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Жоба қатысушыларына «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» атты республикалық жас ғалымдардың түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ» төсбелгісі және республикалық І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом, ғылыми жетекшілеріне Алхыс хат беріледі.

Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау рәсімі 2020 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйінде конференция түрінде өтеді. Кітап таныстырылымына барлық жинаққа енген жас ғалымдар шақырылады.

Конференция бағдарламасы қазан айында іріктеліп алынған жас ғалымдарға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табысталады!

Ұйымдастыру алқасының сайты http://biork.kz/ Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniet 

Жоба туралы қосымша ақпаратты төменде көрсетілген телефондар арқылы ала аласыздар: 8707 142 74 40 Білім өркениеті 8707 477 50 94 Білім өркениеті.

Ұйымдастыру комитеті 

 

Қазақ
× You found a Typo