Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Үздік жас маман-2020» республикалық байқауы

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ 03.03.2020 ЖЫЛҒЫ № 843-5-1666/11-4 ХАТЫ НЕГІЗІНДЕ «BILIM-ORKENIETI» ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ҰСТАЗДАР КҮНІ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ ӨТЕТІН «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2020» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫН ШАҚЫРАМЫЗ!

Байқаудың мақсаты мен міндеттері: Республикамыздың дарынды жас мамандарының арасында байланыс орнату және педагогтардың инновациялық идеяларын кеңейте отырып үздіктерін анықтау! Байқауға қатысушылар: Мектеп мұғалімдері мен балабақша тәрбиешілері және ЖОО мен колледж оқытушылары байқауға қатысу мүмкіндігіне ие! КӘСІБИ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ДИПЛОМДАРЫ, ЖИНАҚ КІТАБЫ ПЕДАГОГ-ҰСТАЗДАРДЫҢ АТТЕСТАЦИЯДАН ӨТУІНЕ ЖАРАМДЫ ҚҰЖАТ БОЛЫП ЕСЕПТЕЛЕДІ.

Байқау талаптары: Байқау қатысушылары өзі жайлы жазылған 2 беттен (14 кегл, Times New Roman) артық емес автобиографиясы (3-жақта жазылған), Соңғы 3 жылдағы жетістіктер көшірмелері (мыс.: Алынған алғыс хат, диплом және т.б.) қоса тіркелуі тиіс), 3\4 форматтағы сапалы суретін 2020 жылдың қазан айынын 15-не дейін uzdk.pedagog@mail.ru электронды мекен-жайына жолдауы тиіс. Байқауға құжаттар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірінде қабылданады және сабақ барысында түсірілген фото-суретер JPEG форматта сақталып жұмыспен бірге жіберілуі тиіс.

Өмірбаянда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Нұр-Сұлтан қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша жинақ, төсбелгі, грамота жіберілетін болады). Жас мамандарға студенттік шақта жеткен жетістіктерінде көрсетулеріне болады.

Байқауға қатысушылар иеленеді: «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2020» республикалық педагогтардың өмірбаяны еңгізілген түрлі-түсті кітап жинағы, арнайы тағайындалған «ҮЗДІК ЖАС МАМАН-2020» төсбелгісі, куәлік және І, ІІ, ІІІ дәрежелі республикалық диплом беріледі және педагогқа қолдау көрсеткені үшін білім беру ұйымының басшысының атына Алғыс хат беріледі.

Кітап жинақтың таныстырылымы және марапаттау 2020 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, мәжіліс залында конференция түрінде өтеді.

Кітап таныстырылымына барлық жинаққа еңген «Үздік жас мамандар» шақырылады. Қорытынды конференция бағдарламасы 10-шы қазанға дейін іріктеліп алынған педагогтарға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан төсбелгі табыс етіледі.

Ұйымдастыру алқасының сайты: http://biork.kz/ Инстаграм парақшасы: bilim_orkeniety Ұйымдастырушылар алқасы: 8707-477-50-94, 8707-142-74-40 Өтініш кестесі жұмыспен бірге жіберілуі тиіс! 

Ұйымдастыру комитеті 

Қазақ
× You found a Typo