- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
26 сәуір-да Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ өңірдегі оқу орындары арасында VI облыстық «Студенттік көктем-2018» фестивалін өткізеді. Шараға облысымыздағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шығармашылық ұжымдары қатысады.
Байқаудың негізгі мақсаты: облыс аумағындағы оқу орындары арасында шығармашылық бәсекелестікті арттыру, студент жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау, азаматтық белсенділігін арттыру, облыс аумағындағы оқу орындардың беделін арттыру.
Шара 4 бағыттан тұрады:
- Шығармашылық – конкурстық концерт (оқу орындарының шығармашылық нөмірлері);
- «Шығармашылық алаң» (үгіт насихат жұмыстары бойынша үздік алаң);
- «Жастар таңдауы» - онлайн дауыс беру (Instagram желісінің shko_jastary парақшасында дауыс беру)
- Үздік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен Гала концерт.
Аталған байқауға облыс аумағындағы 15-ке жуық оқу орындардың шығармашылық ұжымдары қатысады.
Үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз атанған оқу орындары номинациялар бойынша дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталынады.
Өткізілетін уақыты мен орны: 26 сәуір,
Өскемен қаласы, «Ulba» орталық мәдениет үйі.
Үгіт насихат алаңы: сағат 12.00-15.00
Гала-концерт: сағат 19.00-20.30.
«Жастар ресурстық орталығы» КММ