Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

XIII «ХИМИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП» турнир - 16 -17 сәуір

Ақпараттық хабарлама

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ химия кафедрасы мектеп оқушыларын жыл сайынғы XIII «ХИМИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП» турниріне қатысуға шақырады. 

«Химиялық калейдоскоп» турнирінің мақсаты:

Оқушылардың химия саласындағы мамандықтарға қызығушылығын дамытуға ықпал ету.

Турнирдің міндеттері:

  • оқушылардың мектепте «Химия» пәнін оқуға қызығушылығын арттыру;
  • оқушылардың зерттеу мәдениетін дамытуға ықпал ету;
  • оқушылардың жан - жақты коммуникативтік біліктерін дамытуға ықпал ету;
  • туған өлкенің табиғатына және жалпы денсаулыққа қатысты экологиялық-гуманистік көзқарасты тәрбиелеу;
  • қоршаған ортаға танымдық қызығушылықты дамыту.

Турнирді өткізу мерзімі –16 және 17 сәуір 2020 ж.

Ұйымдастырушылар: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің химия кафедрасы.

Турнирге қатысушылар

Жыл сайын өткізілетін ХІІІ турнирге қатысуға Өскемен қаласы мен облыс мектептерінің (орта мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер және т.б.) жалпы білім беретін және инновациялық типті мектеп оқушыларының командалары шақырылады.

 Команда құрамы-10-11 сынып оқушылары.

Қатысушы - командаға қойылатын талаптар:

  1. Команда құрамы 5 адамнан аспауы тиіс.
  2. Әр топта Капитанның болуы міндетті.
  3. Команда құрамынының 50%-ы 10-сынып оқушыларынан құралуы тиіс.
  4. Әр мектептен бір өкілден қатысу-міндетті.

Турнирге қатысу үшін өтініштер 2020 жылдың 04 наурызынан 31 наурызына дейін қабылданады. Өтінішті ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына электронды түрде e-mail бойынша ivekz08@mail.ru (орыс тілі), shynarsanyazova@mail.ru (қазақ тілі) немесе ұсыныстарға сәйкес қағаз түрінде беру қажет. Іріктеу турына қатысуға шақыру 03 сәуірден кешіктірілмей жіберіледі.

Турнир тақырыбы: «Тотығу-тотықсыздану реакциялары»

Турнирдің кезеңдері:

Іріктеу кезеңі

         Іріктеу кезеңі өтініштер саны қатысушылардың жоспарланған санынан (бес команда) асып кеткен жағдайда өткізіледі. Іріктеу кезеңі  химиялық заттарды анықтау бойынша тәжірибелік тапсырма түрінде 2020 жылы 9 сәуірде 1400-де өткізіледі. Қатысушыларға қойылатын талаптар: 2 адам (10 сынып оқушылары). Форма-химиялық халат, қолғап. Оқушыларды бастап жүру міндетті. Тіркелу С. Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимаратының 419 аудиториясында жүргізіледі.

         Турнирге қатысуға 5 команда шақырылады. Қатысушылар тізімі іріктеу кезеңінің нәтижелері негізінде құрылады.

Өткен жылғы жеңімпаз -команда іріктеу кезеңінсіз негізгі турға өтеді.

Негізгі турға қатысуға шақыру 2020 жыл 10 сәуірден кешіктірілмей жіберіледі.

Негізгі кезең

Негізгі кезең 2020 жылы 16 сәуірде (орыс тілінде оқытатын мектептер үшін), 17 сәуірде (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін) C. Аманжолов атындағы №1 оқу ғимаратында 1400 өткізіледі. Тіркеу сағ 1300 –де C. Аманжолов атындағы № 1 оқу ғимаратының 305 аудиториясыда жүргізіледі. 

«Таныстыру» сайысы.

Әрбір топ өзін еркін түрде 3-4 минут ішінде таныстырады. Арнайы киім, музыкалық сүйемелдеу мен жанкүйерлердің болуы құпталады. 

«Ой серпілісі» сайысы. 

Әрбір команда өздерінің қарсыластарына турнир тақырыбы бойынша бес сұрақ дайындайды. Сұраққа берілетін жауап, қосымша түсіндіруді талап етпейтін қысқа, әрі нұсқа болуы тиіс. Мысалы: «Біреуі оттегі болып табылатын екі элементтен тұратын заттар қалай аталады?». Сұрақтар да, жауаптар да бағаланады. Аймақтық мазмұндағы сұрақтар құпталады (бонустық ұпайлар). Әдеби дереккөздерге нақты сілтемелер құпталады (бонустық ұпайлар).

Сұрақтар мен жауаптардың мәтіндері сараптамаға және бағалауға 2020 жылдың 13 сәуірді қоса есептегенде тапсырылады. 

Капитандар сайысы. «Үздік теоретик» номинациясы.

Команданың бір өкілі шығармашылық бағыттағы тапсырмаларды (теориялық және практикалық) орындайды. 

«Жас химик» сайысы. «Үздік практик» номинациясы.

Әр командадан екі қатысушы сапалық реакциялар/синтездеу/заттарды тазарту негізінде заттарды анықтау бойынша тәжірибелік тапсырманы орындайды. Форма – химиялық халат, қолғап. 

«Химиктер мен лириктер» сайысы. «Үздік химиктер мен лириктер» номинациясы.

Команда турнир тақырыбы бойынша музыкалық, би, ақындық, драмалық және басқа номер ұсынады (регламент 5 минут).

«Белсенді қолдаушылар» сайысы.

«Ең белсенді және креативті жанкүйерлер» номинациясы. Тапсырмаларды орындау кезінде жанкүйерлер арасында конкурстар өткізіледі. Мысалы:

  • «Қызықты химия» - турнир тақырыбы бойынша жанкүйерлер командасының музыкалық нөмірі;
  • пантомимдер «Химиялық құрал-жабдықты және ыдысты табыңыз» - команда химиялық ыдысты немесе құрал-жабдықты және т. б. бейнелейді.

         Регламент 4-5 минут.

Ұйымдастыру комитеті конкурстар тізімін кеңейту немесе азайту құқығын өзіне қалдырады.

Өтініш формасы:

Жыл сайын өткізілетін XIII «Химиялық калейдоскоп» турниріне қатысуға

Өтініш

  1. Қатысушы мекеменің атауы: «...», ... әкімдігінің
  2. Қатысу тілі -
  3. Команда атауы – «________________________________________»
  4. Капитанды көрсете отырып, команда мүшелерінің тізімі. Қатысушының аты-жөні (толық), сыныбы

NN

Тегі, Аты, Әкесінің аты

Сынып

Ескерту

  1.  

Кенжеканов Диас Манарбекұлы

11

капитан

  1.  

 

 

 

  1. Ғылыми жетекші-команданың ғылыми жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (толық), лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы.
  2. Байланыс ақпараты – мектептен жауапты тұлғаның аты-жөні, телефон NN, e-mail (ақпаратты тек мектеп телефонымен шектемеу).

Аталған ақпарат негізінде іс-шаралар бағдарламасы жасалады.

Марапаттау

«Химиялық калейдоскоп» турнирінің жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, «Үздік практик», «Үздік теоретик», «Үздік химиктер мен лириктер», «Ең белсенді және креативті жанкүйерлер» номинациялары бойынша сертификаттармен марапатталады.

Ұйымдастырушы комитет: Өскемен қ., 30-шы гвардияшылар дивизисы көшесі 34, химия кафедрасы,. 408 каб. тел. 540-482.

Модераторлар:

 П.ғ.к., химия кафедрасының доценті Афанасенкова Ирина Владимировна (р/о), е-mail: ivekz08@mail.ru т. +7 777 235 35 34;

Химия кафедрасының аға оқытушысы, химия магистрі Мукажанова Жазира Бигалиевна (к/о), е-mail mukazhanovazhb@mail.ru т. +7747 140 62 66;

Химия кафедрасының оқытушысы Саньязова Шынар Кадылбековна (к/o), е-mail: shynarsanyazova@mail.ru, т.+7 702 704 52 85.

Турнирде Сізбен кездесуге қуаныштымыз!

Ұйымдастырушы комитет

 

        

Қазақ
× You found a Typo