Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференциясы - 24 қазан

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2020 жылғы 24 қазанда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы «Заманауи ғылымның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізеді.

Конференция жұмысына белгілі қазақстандық ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік сарапшылар қатысады.

Конференция пленарлық және секциялық отырыстарда өтеді.

Қатысуға ниет білдірушілердің барлығын Zoom бейнеконференция сервисі арқылы қосылуға шақырамыз.

Конференция жұмысы төмендегідей секциялар бойынша өткізіледі:

1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық дамуы: жетістіктері мен болашағы. Әкімшілік және азаматтық заңнаманы жетілдіру.

2. Қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру перспективалары және қылмыстың алдын алу мәселелері.

3. Қылмысқа қарсы іс-қимылдың қылмыстық-процестік, сот-медициналық және жедел-іздестіру аспектілері.

4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы, дене және психологиялық дайындығы. Заңгердің тіл мәдениеті.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Форумға қатысу үшін 2020 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұйымдастыру комитетіне мыналарды ұсыну қажет:

* қатысуға өтінім (үлгісі қоса беріледі);

* электронды форматта мақала (талаптар қоса беріледі);

* ғылыми дәрежесі жоқ адамдар үшін ғылыми мақаланың тақырыбы бойынша ғылым кандидатының (докторы) оң рецензиясы;

* жұмыста құпия мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама.

Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған, талаптарды бұза отырып ресімделген мақалалар жарияланбайды және қайтарылмайды.

Редакция алқасы жариялауға ұсынылған материалдарды таңдау құқығын өзіне қалдырады. Бұрын басқа баспа басылымдарында жарияланған, талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды редакция қарамайды және қайтармайды.

Конференция қорытындысы бойынша конференцияның материалдар жинағы Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының сайтында жарияланады.

Өтінім үлгісі:

Т.А.Ә. (толық)

 

Жұмыс (оқу) орны

 

Лауазымы

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Арнаулы (әскери) атағы

 

Баяндама атауы

 

Секция

 

Баяндама көлемі

 

Байланыс телефондары, e-mail

 

 

Мақалаға қойылатын талаптар:

 

1) жоғарғы оң жақ бұрышында – автордың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, жұмыс орны, ғылыми дәрежесі, атағы (толық);

2) мақаланың атауы-ортасында бас әріптермен;

3) Word редакторындағы мәтін, Times New Roman шрифті, кегль 14;

4) арақашықтық – бір жарым (1,5);

5) абзац шегінісі – 1,25;

6) жиектері: сол жиегі – 3 см, оң жиегі – 1 см, жоғарғы және төменгі жиектері – 2 см;

7) мәтін соңында сілтемелер автоматты түрде жазылуы тиіс;

8) беттер саны - 5-ке дейін (А4 форматы).

Мақала мәтіні ғылыми және стилистикалық тұрғыда редакциялануы керек.

Автор:

– ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпия туралы заңнаманы сақтау;

– жұмыста келтірілген нақты деректер мен дәйексөздердің дәлдігіне жауапты.

КОНФЕРЕНЦИЯ ИНДЕНТИФИКАТОРЫ:

– пленарлық отырыс: 2997349826 (пароль 123456);

– № 1секция: 7088240529 (пароль 12345)

– № 2секция: 4867507108 (пароль 626721)

– № 3секция: 2997349826 (пароль 123456);

– № 4секции:

ҮЙЛЕСТІРУШІЛЕР:

пленарлық отырыс: +7(701)7357299 — Құсайынов Жанат Шыныбекұлы

+7(707)1946094) — Дюсенбаева Әлия Кенжегалиқызы;

№1 секция: +7(747)1614679 — Райбаев Дәулет Құмарбекұлы;

№2 секция: +7(771) 7739178 — Алтайбаев Совет Капашұлы;

№3 секция: +7 (775) 7851788 — Әбеуов Дулат Әлиаскарұлы;

№4 секция: +7(775)9916924 — Баймұханов Ербақыт Мұхаметкалиұлы.

Жариялау үшін өтінімдер мен материалдар төмендегі мекенжайға жіберілуі тиіс: oniirir@kpa.gov.kz      

+7(702)1531040 – Аубакирова Салтанат.

Ұйымдастыру комитеті 

Қазақ
× You found a Typo