Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«ЗАМАНАУИ ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЛАРЫ: ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ» студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы – 12 сәуір

2019 жылдың 12 сәуірінде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жастар жылы аясында «ЗАМАНАУИ ҚОҒАМНЫҢ ЖАҢА БАҒДАРЫ: ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ» атты студенттер мен жас ғалымдардың Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференция аясында келесі бағыттар бойынша сұхбаттық алаңдар ұйымдастырылады:

  1. Білім трансформациясы жаңа әлемде әрекет етудің тұсбағдары ретінде.

              Спикер – Сахариева С.Г., п.ғ.к., доцент.

  1. Ғылым, білім және экономиканың ықпалдасуы.

              Спикер – Абылайханова Т.А., G-Global экономикалық және заң зерттеулері орталығының жетекшісі.

  1. Қазақстандық қоғамның жаңғыруы және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі.

              Спикер – Савчук Е.В., «Рухани жанғыру» орталығының жетекшісі.

  1. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс дәуіріндегі жас ғалымдар.

              Спикер – Рахадилов Б.К., ҰҚ ҰҒЗ меңгерушісі, PhD.

Сұхбаттық алаңдар сағ.11.00 Өскемен қ., Қазақстан к-сі, 55 мекен-жайында орналасқан университеттің №5 оқу ғимаратында өткізіледі.

Пленарлық отырыс сағ.14.00 Өскемен қ., Қазақстан к., 55 мекен-жайы бойынша орналасқан университеттің №5 оқу ғимаратының акт залында өткізіледі. 

Конференция жұмысына қатысуға студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар шақырылады.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2019 жылдың 30 наурызына дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:

  • белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім;
  • төменде көрсетілген рәсімдеудің талаптарына сәйкес келетін мақала;
  • ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын түбіртектің сканерленген нұсқасы.
  • Байланыс телефондары: 8 (7232) 540-311, ішкі – 135. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі.
  • Жұмыстар С.Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 оқу ғимараты (30-шы Гвардиялық дивизия көшесі 34), №243 каб. мекен-жайында қабылданады, электронды пошта: konfer12042019@mail.ru.  

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі

Ақпараттық хат

Қазақ
× You found a Typo