Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Заңгер болғым келеді» қалалық олимпиадасы - 30 сәуір

30-сәуірде С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың Жоғары колледжі Өскемен оқушылары арасында «Құқық негіздері» пәнінен «Заңгер болғым келеді» қалалық олимпиадасын қашықтан өткізеді.

Қатысушылар: Өскемен мектептерінің 9-сынып оқушылары.

Өтетін уақыты: 30-сәуір, сағат 9.00-ден 9-30-ға дейін.

Олимпиада тілі: қазақша, орысша.

Қатысу ақысыз негізде.

Өтінімдерді ұсыну мерзімі: өтінімдерді ұйымдастырушылардың мына электронды адресіне: (savaleks82@mail.ru) 27-сәуірге дейін жөнелту керек.

Ұйымдастыру комитеті

ЕРЕЖЕ

Өскемен қаласы мектеп оқушылары арасында

Құқық негіздеріненпәнінен «Заңгер болғым келеді» аттықалалық олимпиаданыңөткізілуі туралы                    

Өскемен қаласы, 2020 жыл

1. Жалпы ережелер

1.1. Бұл ереже Өскемен қаласы мектеп оқушылары арасында Құқық негіздері пәнінен өтетін  қалалық олимпиаданың ұйымдастырылуын, өткізу тәртібін, мақсаты мен міндеттерін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етілуін, қатысушы шарттары, сондай-ақ жеңімпаздармен жүлдегерлерді марапаттау тәртібін анықтайды.

1.2. Олимпиада Өскемен қаласы 30 Гвардиялық дизивия, 36 көшесінде орналасқан С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті  Жоғары колледжінде сырттай өтеді.

Олимпиаданың өтетін күні: 30 сәуір 2020 жыл сағат 9.00-9.30 аралығын қамтиды.

1.3. Олимпиада қатысушылары: 9 сыныпта  мемлекеттік және орыс тілінде оқитын білім алушылары.

1.4. Олимпиадаға қатысуға өтінішті білдіру үшін төмендегі электрондық адреске (adaykhanova@ mail.ru) жіберуі  тиіс: 27 сәуірге 2020 жылға дейін.

2. Олимпиада міндеттері:

2.1. Олимпиада міндеттері:

- Құқық негіздерін оқуға қызығушылықтарын арттыру;

- Дарынды оқушыларды анықтау, білім қорын кеңейту;

3. Олимпиаданың ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етілуі

3.1.Олимпиада ұйымдастырушылары:

«С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті Жоғары колледжі»

3.2. Олимпиаданы өткізу және дайындық жұмыстарын үйлестіру және жүзеге асыру үшін оқытушылардан  ұйымдастыру комитеті құрылады.

Ұйымдастыру комитетінің қызметі:

-Олимпиаданың өткізілуі туралы ережені әзірлейді;

-Олимпиаданы дайындауға және өткізуге тікелей көшбасшылықты қамтамасыз етеді;

-Олимпиаданы дайындауға және өткізуге арналған барлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;

-Олимпиаданың тапсырмаларының жиынтығын дайындайды және бекітеді;

-Олимпиада қатысушыларының жұмысын бағалау критерийлері мен шарттарын әзірлейді;

3.3. Ұйымдастырушы комитеттің  мекен-жайы: ШҚО Өскемен қ, 30-ы Гвардиялық  дивизия көшесі, 36, электрондық адресіне (adaykhanova@ mail.ru).

4.  Олимпиаданы өткізу тәртібі

4.1. Олимпиадаға Өскемен қаласының мектеп оқушылары қатысуына болады.

4.2. Әрбір қатысушының  жетекшісі  олимпиадаға қатысу ұсынысын электрондық почтаға жіберу керек (adaykhanova@ mail.ru) .

4.3. Олимпиада тапсырмасы барлық қатысушылар үшін бірдей қазақ және орыс тілдерінде  дайындалады.

4.4.  Бағалау баллдық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

4.5. Қалалық олимпиада біртурдан тұрады.

1 тур–  тест  шешу;  Барлығы 25 сұрақ. Тест тапсырмасында бір ғана дұрыс жауапты белгілеу қажет. Тест тапсырмасының жоғары балы - 25 балл.

Тест тапсырмасын шешуге 30 минут уақыт аяқталған соң  электрондық адресқа жіберілуі қажет.Кешігіп жіберілген тапсырмалар қабылданбайды.

4.6. Олимпиада аяқталған соң барлық жұмыстар  тексеріледі,  тексеріліп біткен соң балдары анықталады. 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау.

5.1. Олимпиаданың нәтижелері 10 күннен соң шығарылады;

 5.2. Үздік нәтижені көрсеткен қатысушы жеңімпаз атанады және 1,2,3 дәрежелі мақтау қағаздарымен марапатталады.

5.3. Әрбір қатысушы олимпиадаға қатысқаны үшін сертификат алады.

5.4. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау сырттай  өткізіледі.

Қосымша

Ұсыныс үлгісі

Қатысушының А.Т.Ә.

(жеке төлқұжаты бойынша)

Оқу орнының атауы,

   қай сыныпта оқиды

Қатысушы жетекшісінің А.Т.Ә.

(жеке төлқұжаты

бойынша байланыс телефоны)

 

 

 

 

 

Оқу орнының директоры        ___________   ________________________

                                                     (қолы)                                       (А.Т.Ә)

    м.о.

 

Қазақ
× You found a Typo