Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жаңа әліпбидегі өзгерістер туралы онлайн-лекция - 29 наурыз

2018 жылдың 29 наурызы күні сағат 15.00-де А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының Жаңа әліпбиді оқып-үйрену орталығында «Жаңа әліпбидегі өзгерістер туралы» атты үшінші бейне-сабақ және А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты директорының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Фазылжанова Анар Мұратқызымен онлайн кездесу өтеді.

Бұл сабақ жақында жаңа әліпбиге енгізілген өзгертулерге арналады. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылдың 19 ақпанында «Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын жазуына аудару туралы» Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» № 637 Жарлығына қол қойды.

Қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасында апострофтер жоқ, диакритикалық белгілер бар.

Жаңа әліпбидегі Ә, И, Й, Ғ, Ң, Ө, Ү, У әріптерінің жазылуы өзгерген, сондай-ақ, диграфтар (sh, ch) енгізілген.

Кездесуге жоғары оқу орындары, колледждер және жалпы білім беру мектептерінің оқытушылары, филологтар, филология факультетінің студенттері шақырылады.Жаңа әліпбидегі өзерістер туралы онлайн кездесуге қатысушылар онлайн байланыс арқылы оқытушыға қашықтан сұрақтар қойып, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болады. Интернет-сабаққа облыстың орталық және қалалық кітапханаларының барлығы қосылады.

А.Фазылжанованың алғашқы екі бейнесабағы кітапхананың веб-сайтында www.pushkinlibrary.kz. ұсынылған. Бұдан кейінгі өтетін барлық сабақтарды Интернет желісінен қолжетімді.

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы 

Қазақ
× You found a Typo