Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жас ғалымдардың Ұлттық байқауы жарияланды

British Council (Британдық Кеңес) «Ғылым қоры» АҚ-мен бірлесіп, «Шеврон» компаниясының қолдауымен FameLab халықаралық байқаудың форматында жас ғалымдардың Ұлттық байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты жас әрі дарынды ғалымдарды анықтау және олардың ғылыми коммуникация дағдыларын дамыту.

Байқаудың бірінші кезеңінде Қазақстан бойынша 10 қатысушы іріктеледі. FameLab байқауының әрбір финалға қатысушысы коммуникациялар бойынша әлемдегі атақты мамандардың бірінен Астана қаласында қарым-қатынас жасау дағдылары және көпшілік алдында сөйлеу бойынша шеберлік сабағы түріндегі кепілдендірілген жүлдеге ие болады. Ал жалпыұлттық байқаудың жеңімпазы Челтнемде (Ұлыбритания) өтетін дәстүрлі ғылыми фестивальге барып, 2018 жылдың жазында FameLab  байқауының халықаралық финалына қатысады.

Байқауға жасы 21-ден 40-қа дейінгі технология, инженерия, медицина, биология, химия, физика немесе математика саласында жұмыс істейтін немесе білім алып жүрген кез келген адам қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін 2017 жылдың 12 желтоқсанына дейін Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығына хабарласу қажет.

Байланыс телефондары: 8 (7232) 241-401, ішкі: 125.

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Қазақ
× You found a Typo