Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жас ғалымдарға, PhD докторанттарға, магистранттар мен студенттерге арналған «Жастар, ғылым және инновация» атты XVІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті) – 9-10 сәуір

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 2020 жылдың 9-10 сәуірінде жас ғалымдар, PhD докторанттар, магистранттар мен студенттерге арналған «Жастар, ғылым және инновация» атты XVІ республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  1. Филологияның өзекті мәселелері;
  2. Ғылым, техника және технология: прогресс пен инновациялар;
  3. Қазіргі заманғы зерттеулер аясында ІТ-технологиялар және физика-математика ғылымдарының мәселелері;
  4. Әлеуметтік-гуманитарлық ғалымдар дамуының қазіргі мәселелері мен тенденциялары (философия, әлеуметтану, саясаттану, тарих, дінтану, мәдениеттану және т.б.);
  5. Педагогика, психология және оқыту технологиясының өзекті мәселелері;
  6. Жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері;
  7. Ұлттық экономика, басқару және құқық мәселелері;
  8. Шығармашылық мамандықтардың даму мүмкіндіктері: қазіргі уақыт және перспективасы.

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу туралы өтініш пен мақала 2020 жылдың 20 наурызына дейін conference_argu_2020@mail.ru электронды почтасына жіберілуі қажет.

1. Конференцияға қатысу туралы өтініш (формасы қоса беріледі);

2. Баяндаманың тезистері (мақала).

Конференция материалдары ғылыми жұмыстар жинағында жарияланады. Мақала мазмұны автордың жауапкершілігінде. Мақалалар автормен толығымен тексерілуі керек. Жинақ электронды түрде ұсынылады.

Өтініште:

- бағыттың атауы (секция);

- баяндама тақырыптары;

- автор мен жетекші туралы толық ақпарат (толық аты-жөні, оқу орны немесе жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәрежесі және атағы, электрондық адресі және байланыс телефондары).

Конференция регламенті:

Сөз сөйлеу уақыты:

Пленарлық баяндамалар - 8-10 минут

Секциялық отырыстарда - 5-7 минут

Баяндамаларға қойылатын талаптар:

Мақала көлемі 3 беттен аспау керек. RTF форматында Winword 8.0 редакторында, Times New Roman шрифтімен, А4 форматында терілуі керек. Шрифт көлемі – 14, аралық интервал – 1, барлық жиектердің ені – 2 см, абзац – 1 см. Ортаға бас әріптермен баяндаманың тақырыбы, 1 интервалдан кейін төменде - автордың тегі, аты-жөні және электронды поштасы, 1 интервалдан кейін төмен - ұйымның атауы. Жаңа жолдан мақала мәтіні жазылады, мақала соңында әдебиеттер тізімі беріледі. Әдебиеттерге сілтеме тік жақшада [1, с. 15-17] рет саны бойынша беріледі. Әдебиеттердің тізімінен екі жолдан кейін ғылыми жетекші туралы ақпарат (егер бар болса). Ұйымдастыру комитеті мерзімнен кейін ұсынылған немесе талаптарға сай ресімделмеген баяндамаларды жинақ материалдарына қоспауға құқылы. Қолжазбалар қайтарылмайды.

 

Баяндама тезисін жасау үлгісі:

 

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

 

Асанова Е.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

 

Текст …………………………………………………………………………………………………………

…………………………………………………………………………………………………………

…………………………………………………………………………………………………………

 

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Аксенов В.И. Искусство художественного слова. – М., 1962
  2. және т.с.

 

 

Ғылыми жетекші - ф.ғ.к., доцент Иванова Е.Д.

 

Конференцияға қатысуға өтініш:

Секция атауы: _________________________

Баяндаманың тақырыбы: ___________________________

Тегі: _______________________________

Атауы: ___________________________________

Әкесінің аты: ______________________________

ЖОО, мамандығы: ______________________

Мекен-жайы: __________________________________

Байланыс телефондары:__________________

E-mail: _________________________________

Конференцияға тікелей қатысу:

Қатысу / қатыспау

         (астын сызу)

Материалдарды мына мекен-жайға жіберіңіз (немесе электронды түрде):

030000, Ақтөбе қаласы, Ағ. Жұбановтар көшесі, 263, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, физика-математика факультеті, 401 ауд.

Конференцияны өткізу үшін жауапты: Талипова Мейрамгүл Жұбатқанқызы - байланыс телефоны: 8701 612 80 36, e-mail: conference_argu_2020@mail.ru

Ұйымдастыру комитеті 

 

Қазақ
× You found a Typo