Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Жас қанат-2017»

  Толығымен

«Жас қанат» облыстық жас орындаушылар байқауының ережесі 

Мақсаты:

Шығыс Қазақстан облысының ән өнерін дамыту, жастардың орындау шеберліктерін шыңдау мақсатында, 2017 жылдың сәуір айында, Астана қаласында өтетін ХХVІ-шы республикалық  «Жас қанат» байқауында Шығыс Қазақстан облысы абыройын асқақтататын талантты жастарды іздеу, іріктеу, сонымен қатар музыкалық өнер саласында облыс имиджін көтеру, қолдау.

 

Байқау шарты, өту кезеңі:

  • Байқауға жеке орындаушы және вокалды топтар қатысады;
  • Байқауда үш ән орындалады.
  • Жас ерекшелігі 30 жасқа дейін;
  • Қатысушының  іссапарға  шығыны (жатын орны, жол ақысын, тәулік шығыны) жіберуші жақтан.

Байқауға қатысу үшін;

  •  1. Халық әндерінен; (1 ән)
  • 2. ШҚО сазгерлерінің әндерінен; (1 ән)
  • 3. Өз еркімен; (1 ән)  

Әндердің толық және сапалы жазылған аудио нұсқасын мына мекен-жай бойынша: Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 68, «Ертіс концерт» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына 2017 жылдың 1 ақпанға дейін өтініш қабылданады. Байланыс телефондары: 8 777 300 41 91 электрондық адрес:  elmira_aea84@mail.ru. Эльмира Акаева.

Іріктеуден өткен үміткерлер 2017 жылдың 10 ақпан күні өтетін байқауға қатыса алады. (мекен-жайы Тәуелсіздік даңғылы 68).

Қазылар алқасы:

Жоғары санатты, білікті өнер шеберлерімен құрылатын қазылар алқасының құрамы «Ертіс концерт» Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ұсынысымен ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысымен бекітіледі. Қазылар алқасының шешімі талқылауға жатпайды.

Байқау бағдарламасы:

  • 9 ақпан сағат 9.00 қатысушылардың тіркелуі;
  • 10 ақпан сағат 10.00 байқау;
  • 10 ақпан сағат 16.00 байқаудың гала-концерті және жеңімпаздарды  марапаттау.

Жеңімпазды  марапаттау:

  • 1 кезең: Облыстық «Жас қанат» байқауынан жүлделі орындарға ие болған  жас орындаушыларға басқарма тарапынан сыйлықтар, диплом, қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталатын болады.

         Қосымша фонограмма (-,  +) үн таспасына жаздыруға, кәсіби шығармашылық фото түсірілім ұсынылады. Жиналған материал Алматыға жіберіліп, одан республикалық «Жас қанат» байқау комиссиясы іріктеу жұмыстарын жүргізеді.

  • 2 кезең: 2017 жылдың сәуір айында өтетін XXVI-шы республикалық «Жас қанат» байқауына өткен үміткерлерге ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы сахналық киіміне, фоногрмамма (-) және (+) өңдеулерін жазуға, іссапар шығындарына қолдау көрсетеді.

ШҚО мәдениет, архивтер

және құжаттама басқармасының

мәдениет және өнер бөлімінің басшысы С. Қасенов, 

«Ертіс концерт» мекемесінің

директор м.а.Ж. Егембердинов.

Қосымша: 1

Өтініш

 

 

Аты, жөні, әкесінің аты_________________________________________

Туған күні____________________________________________________

Туған жері____________________________________________________

Электрондық адресі____________________________________________

Жұмысның немесе оқу орнының мекен жайы (жұмыс, үй, ұялы

телефондары)_________________________________________________

Қысқаша өмірбаяны ___________________________________________

 

Ансамбль болса атауы, жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны

_____________________________________________________________

 

Жеке куәлік көшірмесі

Орындайтын репертуары (әні мен сөзінің авторлары)

  1. Әннің атауы     _______________________________________
  2. Аудио нұсқасы немен жіберілді ________________________
  3. Сөзін жазған (толық)  _________________________________
  4. Әнін жазған (толық)   _________________________________

 

Қазақ
× You found a Typo