- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
27-28 желтоқсанда «Назарбаевтану» ғылыми білім беру орталығында дәстүрлі «Жас талап-2016» байқауы өтеді.
Байқаудың мақсаты – университтеттің ғылыми және инновациялық әлеуетін дамыту, студенттер мен жас ғалымдардың ең үздік жобаларын анықтау және қолдау.
Байқау еліміздің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына септігін тигізетін үлкен теориялық және тәжірибелік маңызы бар, сондай-ақ жаңашылдығымен және өзектілігімен ерекшеленетін ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстарға, зерттеулер мен идеяларға негізделген үздік ғылыми және инновациялық жобалар үшін университеттің студенттері мен 35 жасқа дейінгі жас ғалымдары арасында (оқытушылар, магистранттар, қызметкерлер) өткізіледі.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Техникалық және жаратылыстану ғылымдары саласынадағы үздік жоба»,
- «Әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздік жоба».
Толық ақпаратты Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығынан алуға болады. Мекен-жайымыз: Қазақстан к., 55, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты, 303 каб., тел.: 8/7232/241-401.
Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы