Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

​«Жас талап - 2018» ғылыми жобалар байқауы

«Жас талап - 2018» ғылыми жобалар байқауы 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің ҰҚҰҒЗ-ның технологияларды коммерцияландыру кеңсесі (ТКК) «Жас талап» байқауына өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Байқау мақсаты: жастарды ғылым мен өнертабысқа қатысуға ынталандыру, өнертабыстың мәнін мамандық ретінде арттыру, стартаптарды ынталандыру.

Университеттің студенттері, магистранттары мен ғалымдары арасында инновацияларды, өнертабыстарды, зерттеулерді, практикалық маңызы бар идеяларды және мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін оқиғалардың әртүрлі жаңалықтары мен өзектілігіне негізделген үздік инновациялық жобалар байқауы өткізіледі.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

– Бұл номинацияға «Студенттер мен магистранттар арасында үздік жоба», 30 жасқа дейінгі студенттер мен жас ғалымдар қатыса алады;

– «Ғалымдар арасында үздік жоба», бұл номинацияға 30 жастан асқан ғалымдар  қатыса алады.

Байқау ережесі бойынша қажетті құжаттар.

Қатысу туралы өтінімдер  2018 жылдың 1 қарашасынан 25 қарашасына дейін қабылданады. Өтінім берілуі тиіс  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-тің ҰҚҰҒЗ-ның технологияларды коммерцияландыру кеңсесіне (ТКК).

Мекен-жайымыз: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 148 (№7 ғимарат), №101 каб. немесе электрондық пошта арқылы:  olzhas_dn1@mail.ru

Байқаудың қорытындысы 15 желтоқсанда аяқталады.

Анықтама үшін тел.: +7 777 6212176.

ТКК 

Қазақ
× You found a Typo