Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Жастардың жазушы Әлібек Қаңтарбаевпен кездесуі - 24 қаңтар

24 қаңтар күні сағат 15.00 А.С.Пушкин атындағы кітапханада Шығыстың  қарымды қаламгері Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевтың жастармен кездесуі өтеді.

Кешті «Рухани жаңғыру»: Болашаққа бағдар» бағдарламасы және  Жастар жылына арналған іс-шаралар жоспары аясында облыстық кітапхананың Білім орталығы  «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының бастамасымен өткізеді.

Ә.Қ.Қаңтарбаев – Қазақстанның Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан облысы әкімі сыйлығының лауреаты, «Тіл жанашыры - 2009» төс белгісінің иегері.

«Ағажай, Алтайдай жер қайда», «Қыран ғұмыр» атты поэтикалық, «Сол бір кез есімде», «Армандастар» атты прозалық, «Алаш азаматы» атты проза-поэтикалық шығармаларының авторы Әлібек Қаңтарбаев бүгінгі күні Жазушылар Одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалына жетекшілік етуде.

Кездесуде белгілі ақын, жазушы, журналист Ә.Қаңтарбаев жастармен еркін сұхбат жасап, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісетін болады. Жастардың көңіліндегі шығармащылық ізденіске деген шешімін таба алмаған сауалдарына жауап беріп, осы жолда ізденісте жүрген  жастарға бағыт-бағдар береді.

Іс-шара әнмен әрленіп, ақынның өлеңдерімен өрнектеледі. Жастар ақын шығармашылығынан алынған туындыларды мәнерлеп оқып, монологтарын жатқа айтатын болады.

Кездесуге ақындыққа, жазушылыққа қызығушылығы бар жастар, өнер сүйер қауым шақырылады. Еліміздің танымал азаматтарымен кездесу – жастарға рухани жағынан серпін, болашақтарына бағыт-бағдар береді деп сенеміз.

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo