Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«ЖАЗ МЕРЕКЕ» Балалар мен жасөспірімдер арасында ІХ Республикалық ән-би байқауының ережесі

                                                                      «Жаз мереке» балалар мен жасөспірімдер арасында IХ Республикалық байқау 2019  жылдың 3 маусымда өтеді.          

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

Балаларды өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық мәдениетті сыйлауға тәрбиелеу, Отандық композиторлар мен жазушылардың шығармашылығын қолдау мақсатында балалар мен жасөспірімдер шығармашылық ұйымдарының репертуарын  авторлық озық туындылармен толықтыру, балалардың бойында музыкалық - эстетикалық тәрбиені жетілдіру, олардың орындау шеберлігін арттыру, халқымыздың дәстүрлі ән-күй өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, би  өнерінің  шебер  орындалуына  ықпал  жасау, ежелгі қазақ дәстүріндегі ұлттық  безендіру  элементтерін  пайдалана  отырып, қазіргі заманай сән үлгісін тігу және ұмыт болған көне сақ киімдерді жаңғырта отырып  жасөспірімдердің  киіну  мәдениетін  көтеру;

 БАЙҚАУ ЖАНРЛАРЫ:

«Эстрадалық вокал», «Вокалды топ», «Хор»

«Көркем сөз»

«Ақындық өнер»

«Аспапта ойнау»

«Дәстүрлі ән»

«Хореография»

«Сән үлгісі»

«Бейнелеу өнері»

«Қолөнер»

«Сахналық көрініс»

«Эстрадалық вокал» жанры бойынша байқауға қатысушы бір әнді жанды дауыста орындайды. Әнді еркін тақырыпта  орындайды. Әннің әуені өңдеу жасалып, (аранжировка) арнайы жанды дауыста сүйемелденуге лайықты сапада болуы қажет. Орындаушыға берілетін уақыт 3-3,5 минуттан аспағаны жөн. Ән флеш кардта  жазылуы тиіс.

«Вокалды топ» (дуэт, трио, квартет т.сс хор) жанры бойынша қатысушы топ бір ән жанды дауыста орындайды. Әнді еркін тақырыпта орындайды. Әннің әуені өңдеу жасалып, (аранжировка) арнайы жанды дауыста сүйемелденуге лайықты сапада болуы қажет. Орындаушыға берілетін уақыт 3-3,5 минуттан аспағаны жөн. Ән флеш кардта  жазылуы тиіс.

«Көркем сөз» жанры бойынша байқауға қатысушы  бір өлеңді мәнерлеп жатқа  оқиды. Өлең тақырыпқ сай немесе еркін тақырыпта болады.  Өлеңді кез келген автордың шығармашылығынан таңдауға болады. Орындаушыға берілетін уақыт 2,5 – 3 минут.

«Ақындық өнер» жанры бойынша қатысушы өзі шығарған бір өлеңін мәнерлеп жатқа оқуы тиіс. Өлең еркін тақырыпта шығарылған өлең болуы міндетті. Орындаушыға берілетін уақыт 2,5 – 3 минут.

«Аспапта ойнау» жанры бойынша қатысушы еркін тақырыпта кез келген  бір туындыны белгілі бір аспапта ойнауы қажет (домбыра, қобыз, фортепиано, скрипка т.б) Орындаушыға берілетін уақыт 2,5 – 3 минут.

«Дәстүрлі ән» жанры бойынша байқауға қатысушы еркін тақырыпта бір ән домбыраның сүйемелдеуімен орындауы шарт. Берілетін уақыт 2,5 – 3 минут.

«Хореография» жанры бойынша  байқауға қатысушылар  бір би билейді. Қазақ биі  немесе еркін тақырыпта болуы тиіс.

«Сән үлгісі» номинациясы бойынша еркін тақырыпта орындау (ұлттық киім, сахналық киім, қиял-ғажайып киімдер қатысушылардың фантазиясына байланысты, т.б)

«Бейнелеу өнері» жанры бойынша байқауға қатысушы патриоттық тақырыпта  және еркін тақырыпта өз қолымен салған екі немесе одан көп суретін алып келуі тиіс. Салған суреті жайлы өзі айтып, қорғайды. Суреттің форматына шектеу жоқ.

«Қолөнер» жанры бойынша қатысушы өзі жасаған екі немесе одан көп бұйымын, жұмысын алып келуі тиіс. Әкелген туындысын қалай жасағаны жайлы түсініктеме беріп, қорғайды. Қолөнер жұмысын кез келген материалдан (бисер,қағаз,мата,федр,ағаш т.б) жасап келуге болады.

«Сахналық көрініс» жанры бойынша қатысушылар еркін тақырыпта кез келген автордың шығармасынан немесе фильмдерден бір үзінді сахналауға болады. Орындау уақыты – 7-10 минут.

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ:

5 – 7 жас аралығы – бүлдіршін топ

8 - 10  жас аралығы – кіші топ

11 - 13 жас аралығы – орта топ

14 - 16 жас аралығы – жасөспірім топ

17 - 20  жас аралығы – жоғарғы топ

ӨТЕТІН ОРЫНЫ:

Алматы қаласы,  Қабдолов көшесі 1/4 (Өтеген батыр көшесінің қиылысы) «Гранд парк» ойын-сауық сауда үйі, 5 блок.

 Байланыс телефондары: +7 701 755 59 35,   +7 702 173 82 56,   +7 707 818 75 14. 

 e-mail: smmereke@mail.ru

«Мереке» балалар мен жасөспірімдер өнер орталығы

Ескерту!

Қатысушының өтініш-сауалнамасы 2019 жылдың 2-ші маусымына дейін ғана қабылданады. Өтініш үлгі бойынша толтырылып smmereke@mail.ru электронды почтасына жіберілуі қажет.

Келіп – кету шығыны мен жатар орын шығындарын қатысушы жақ өздері көтереді.

Байқауға қатысушылар міндетті түрде қатысу жүлде жарнасын төлейді:

Жеке қатысушы – 10 000 тг.

Құрам саны 6 адамға дейінгі топтарға – 20 000 тг.

Топтағы құрам саны 6 адамнан көп болған жағдайда адам басына  – 3000 тг

БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН КҮНІ МЕН УАҚЫТЫ:

Байқау 2019  жылдың  3 маусым  күні өтеді.

3 маусым – сағат  9.00-10.00-ға дейін келушілерді тіркеу. Сағат 10.00-да байқаудың салтанатты ашылуы және ары қарай жанрлар бойынша  байқау жалғасады. Марапаттау рәсімі.

ҚАТЫСУШЫНЫҢ БАҒАЛАНУЫ:

- байқауға қатысушылардың өнерін тамашалап, оларға тең төрелік ететін әділқазылар алқасының  мүшелерінің қатарында - өнер қайраткерлері, композитор, ақын-жазушы, әнші, белгілі педагогтар болады;

- қазылар алқасы өнерпаздардың вокалдық ерекшеліктерін, музыканың кәсіби деңгейде өңделуін, дауыс ырғағының кеңдігін, өлең оқудағы мәнерін, сахналық киім үлгісін,

би билеудегі синхронды қозғалысты және көркем суретшінің шебер өнерін қатаң бақылауда ұстайды.

- қазылар  алқасы байқауға қатысушылардың өнерін 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды;

- жинаған сан ұпайы бойынша қатысушылардың арасынан байқаудың жүлдегерлері анықталады;

ҚОРЫТЫНДЫ МАРАПАТТАУЫ:

Бас жүлде – сыйлық және диплом;

І орын - сыйлық және лауреат дипломы;

ІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы

ІІІ орын - сыйлық және лауреат дипломы;

Қатысушыларды дайындаған педагогтарға алғыс хаттар беріледі.

Байланыс телефондары: +7 701 755 59 35,   +7 702 173 82 56,   +7 707 818 75 14. 

 e-mail: smmereke@mail.ru

Ұйымдастыру комитеті

 

«Жаз мереке» ІХ Республикалық ән-би байқауына

ӨТІНІШ БЕРУ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты –жөні: (топтың  аты)

 

Толық жасы:

Жылы, айы, күні

 

 

Облыс, қала, аудан, ауылы:

 

Мектеп:

 

 

Жанры:

 

 

Орындайтын

шығармалары:

 

Шығарманың авторлары

(әні, сөзі)

 

Қатысушының тел.номері:

 

 

Жетекшінің аты-жөні,

тел.номері:

эл. поштасы

 

 

Қазақ
× You found a Typo