Жемқорлыққа қарсы студенттер форумы «Адал бол!»
Форумның мақсаты - парасаттылық идеологиясын ілгерілету, бастамашыл студенттік жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа қосу.
Форум қатысушылары – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың студенттік бірлестіктерінің 120-дан астам өкілі.
Форум Мичиган штатының (АҚШ) университетінің профессоры, журналист Эрик Фридманның қатысуымен өтеді.
Форумды ұйымдастырушылар - С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті, "Нұр Отан" партиясының ШҚ филиалы.
Уақыты: 24 қазан, сағат 10.00.
Өткізу орны: №1 оқу ғимараты, 111 дәрісхана.
Жемқорлыққа қарсы студенттер форумының бағдарламасы «Атымды адам қойған соң...»