Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру байқауының ЖООішілік кезеңі – өтінімдер 4-9 қараша аралығында қабылданады

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру байқауының ЖООішілік І кезеңін жариялайды.

Байқауға құжаттарын тапсыру сәтінде Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатыса алады.

Байқау «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы №124 бұйрығына сәйкес өткізіледі (30.10.2020 жылғы өзгерістерімен №466 бұйрық).

Ереже https://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/education/pravila_provedeniya_vnutrivuz_etap_konrurs_best_teacher

Байқауға қатысу үшін құжаттарды ұсыну мерзімі – 2020 жылғы 4-9 қараша аралығында.

Байқауға қатысушы үміткерлер білім беру саласындағы уәкілетті органга мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4) ЖЖОКБҰ алқалық басқару органының шешімі;

5) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

6) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) карточкалық базадағы қолданыстағы 20 таңбалық ағымды шоты туралы хабарлама.

Құжаттарды электронды түрде толтыру туралы ақпарат қатысушының жеке электрондық мекенжайы тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында орналастырылады: www.edu.gov.kz .

БББ әдістемелік қолдау бөлімі

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo