Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ЖОО түлектеріне арналған «Ересектер өмірінің конструкторы» атты бірегей бағдарламасы - 26-28 қазан

ЖОО түлектеріне арналған «Ересектер өмірінің конструкторы» атты бірегей бағдарламасы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 05.10.2018 ж. Жолдауында университеттің табыстылығын бағалаудың негізгі өлшемі бітіргеннен кейін түлектердің жұмыспен қамтылуы болып белгіленген. Осыған байланысты университет міндеттердің бірі – түлектерді жұмысқа орналасуға жәрдемдесу.

Қазанның  26, 27, 28 күндері Өскемен қаласында А.С. Пушкин атындағы  кітапханасының Американдық бұрыштың негізінде түлектерге арналған үш күндік «Ересектер өмірінің конструкторы» атты  бағдарламасы өтеді. Бағдарлама барысында студенттер мансаптық жоспарларын анықтап, табысты жұмысқа тұру үшін өзін-өзі таныту және өзін-өзі дамыту дағдыларын меңгере алады.

Бағдарламаға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-ның соңғы курс студенттері шақырылады. Тіркеу үшін студенттер http://tiny.cc/wnayzy сайтына кіруі керек. Бағдарламаға тіркелу 24 қазан күні сағат 18.00-де аяқталады.

Іс-шараға қатысу нәтижелері бойынша сертификаттар беріледі

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo