Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Жүрегім соғып тұрғанда»: Көпен Ерқасовпен кездесу (2 наурыз)

2 наурыз күні сағат 15.00-де А. С. Пушкин  атындағы облыстық кітапханада ақын, журналист, аудармашы Көпен Ерқасовпен кездесу өтеді. Қазақ елінің тәуелсіздігі мен бостандығын жырға қоса отырып, өзінің кемеліне келген көркемсөз шебері екенін дәлелдей түскен ақын биыл асқаралы 65 жасқа толып отыр.

Ақын шығармашылығының басты тақырыбы – туған жер, атамекен. Ақын өлеңдерін оқи отырып, туған жерге деген перзенттік сезімі сыршыл ырғақтармен, әсем әуезбен көмкеріліп өлең болып құйылғанының куәсі боласыз.

Даналыққа толы шығыс поэзиясының жұпар иісі аңқыған ақын ғазалдары, рубаяттары өз алдына бір төбе. Лирикалық өлеңдерімен қатар жыр, терме, толғау, поэма  сияқты көлемді дүниелерге қалам тербеген ақын шығармашылығы жан-жақты.

Көркем аударма саласында табысты еңбек еткен ақын А.С. Пушкиннің, С.Есениннің өлеңдерін, мәскеулік жазушы В. Губаревтің «Сталиннің дачасы» спектаклін қазақ тілінде сөйлеткен.

Өзі ақын, өзі журналист, өзі әнші, сегіз қырлы, бір сырлы Көпен Ерқасов - Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.  

Ұлылардың ұлағатынан нәр алған, туған халқы мен атамекенін жырлау үшін жаралған сыршыл ақын Көпен Ерқасовтың жыр кешіне келіңіз, өкінбейсіз!

А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

Қазақ
× You found a Typo