- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің химия кафедрасында имидждік жыл сайынғы мектеп оқушылары үшін өткізілетін
«ХИМИЯЛЫҚ КАЛЕЙДОСКОП-ХІ» Турниріне қатысуға шақырады
«Химиялық калейдоскоп» сайысының мақсаты:
Оқушы бойына химия ғылымдарына деген қызығушылықты қалыптастыру.
«Химиялық калейдоскоп» сайысының міндеті:
Турнирдің өту уақыты – 12 – 13 сәуір 2018 жыл.
Ұйымдастырушылар.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің химия кафедрасы.
Сайысқа қатысушылар.
«Химиялық калейдоскоп-ХІ» турниріне Өскемен қаласы мен облыстың жалпы білім беретін және инновациялық мектептер (мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер және т.б.) командалары қатыса алады.
Команда құрамы – 10-11 сынып оқушылары.
Қатысушы топтарға қойылатын талаптар:
Турнирге қатысу туралы өтініш 2018 жылдың 19 ақпанынан 19 наурыз аралығында қабылданады. Өтінішті ұйымдастыру комитетінің электронды мекен жайына ivekz08@mail.ru (орыс тілді мектептер үшін), san_os@mail.ru (қазақ тілді мектептер үшін) немесе қағазға басылған нұсқасын тапсыруға болады. Іріктеу кезеңіне қатысуға шақыру 2018 жылдың 29 наурызына дейін жіберіледі.
Турнир тақырыбы: «Қышқылдар»
Сайыс кезеңдері.
Іріктеу кезеңі.
Егер қатысуға берілген өтінім саны жоспарланған командалар санынан артық болса іріктеу кезеңі жүргізіледі. Іріктеу сайысы 2018 жылдың 5 сәуірінде сағат 1400-де химиялық заттарды сапалық анықтауға арналған тәжірибелік тапсырма түрінде өтеді. Қатысушыларға қойылатын талаптар: 2 оқушы (10 сынып оқушысы). Форма – химиялық халат, нитрильді қолғап. Оқушылар мұғалімдерімен келуі тиіс. Тіркеу сағат 1330-да № 1 оқу ғимаратының 419 аудиторияcында.
Турнирге қатысуға тек 5 команда шақырылады. Қатысушылар тізімі іріктеу кезеңінің нәтижелеріне негізделеді.
Турнирдің өткен жылғы жеңімпазы іріктеу кезеңінсіз қатыса алады.
Турнирге шақыру 2018 жылдың 6 сәуірінен кешіктірмей жіберіледі.
Негізгі кезең.
Негізгі кезең 2018 жылдың 12 сәуірі (орыс тілді мектептер үшін), 13 сәуірі (қазақ тілді мектептер үшін) сағат 14.00-де 305 аудиторияда өтеді. Тіркелу 13.00-ден №1 оқу ғимаратының 305 аудиториясында.
Әрбір топ өзін еркін формада 3-4 минут ішінде таныстырады. Арнайы киім, музыкалық сүйемелдеу мен жанкүйерлердің болуы құпталады.
Әрбір топ мүшелері өздерінің қарсыластарына 8-10 сынып химия бағдарламасы деңгейінде берілген тақырып бойынша қызықты бес сұрақтан дайындайды. Сұраққа берілетін жауап, қосымша түсіндіруді талап етпейтін қысқа, әрі нұсқа болуы тиіс. Мысалы: «Екі элементтен тұратын, оның біреуі оттегі болып келетін заттарды қалай атайды?». Сұрақ пен жауап қатар бағаланады. Аймақтық компанентті мазмұндағы сұрақтарға және әдебиет көздеріне сілтемелерге қосымша бонусты балл қарастырылған. Сұрақтардың мәтіні мен жауаптары экспертизаға және бағалауға 2018 жылдың 10 сәуіріне дейін тапсырылуы тиіс.
Сайыс: сұрақ-жауап түрінде турнир тақырыбына сай өтеді. Әрбір топ белгіленген сұраққа дайындықсыз қысқаша жауап беруге тиіс. Жауап берілмеген немесе дұрыс болмаған жағдайда басқа топ мүшелері жауап беруге құқылы.
Топ ішінен сайланған белсенді оқушы, яғни капитан теориялық және шығармашылық бағыттағы тапсырманы орындайды. Форма – химиялық халат, нитрильді қолғап.
Әр топтан 2 оқушы сапалық талдау тәжірибелері көмегімен белгісіз заттарды анықтау/синтездеу/тазалау тапсырмаларын орындайды, химиялық реакция теңдеулерін толық жазуы тиіс. Форма – химиялық халат, нитрильді қолғап.
Команда турнир тақырыбына музыкалық, би, поэтикалық, драматикалық және басқа номер ұсынады.
Командалар әртүрлі тапсырмалар орындау кезінде, қолдаушылар арасында сайыс өткізіледі.
Ұйымдастыру комитетінің сайыстар санын көбейтіп-қысқарту құқығы бар.
Турнирге қатысу өтінішінің үлгісі:
«Химиялық калейдоскоп-ХІ» турниріне қатысу өтініші
1.Оқу орнынының толық атауы: «...........» ММ, .....әкімшілігі, ...... ауданы
2. Қатысу тілі – орысша, қазақша.
3. Команда атауы –
4. Команда мүшелерінің тізімі (команда мүшелерінің толық аты-жөні, сыныбы), капитанын көрсету.
№ |
Қатысушылардың аты-жөні |
Сынып |
Қосымша |
1 |
Жаңабаева Айдана Амантайқызы |
10 |
капитан |
2 |
|
|
|
5. Ғылыми жетекшісінің аты-жөні, санаты, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, байланыс телефоны, e-mail (мектеп телефонынан басқа хабарласу телефон номері болуы құпталады).
6. Қатысатын мектептің телефон нөмірі, мекен жайы (толық) және электронды адресі.
Берілген ақпараттарға байланысты турнир бағдарламасы құрылады.
«Химиялық калейдоскоп» сайысының жеңіпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен, «Үздік теоретик», «Үздік практик» номинациялары бойынша сертификаттармен марапатталады.
Ұйымдастыру комитеті: 070010, Өскемен қаласы, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, ШҚМУ-дың № 1 оқу ғимараты, 4 қабат, 408 аудитория. Телефон – 540-482. e-mail: ivekz08@mail.ru (орыс тілді мектептер үшін), san_os@mail.ru (қазақ тілді мектептер үшін).
Модераторлар:
химия кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Оразова Сән Советбековна (к/о), е-mail: san_os@mail.ru т. +77055100661;
химия кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Мукажанова Жазира Бигалиевна (к/о), +7-747-140-62-66;
химия кафедрасының доценті, п.ғ.к. Афанасенкова Ирина Владимировна (р/о), е-mail: ivekz08@mail.ru т. +7 777-235-35-34;
химия кафедрасының доценті, п.ғ.к. Попова Марина Васильевна (р/о); +7-777-543-59-43.
Алдын ала алғысымызды білдіріп Турнир қатысушылары қатарында көруге үміттіміз!
Ұйымдастырушы комитеті