«Жылдың үздік жас ғалымы-2019» байқауы
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі «Жылдың үздік жас ғалымы» байқауын жариялайды.
Байқау мақсаты – университеттің ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын жас ғалымдарын қолдау және ынталандыру, сондай-ақ болашақ ғылыми кадрларды даярлау.
Байқауға магистранттар, докторанттар және университеттің 35 жасқа дейінгі оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қатыса алады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жылдың үздік жас ғалымы»;
- «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы жылдың үздік жас ғалымы».
Өтініштерді қабылдау 2019 жылдың 25 желтоқсан айынан бастап 2020 қаңтарға дейін ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінде жүзеге асырылады.
Мекен-жайымыз: 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, 243 каб., электронды пошта: naukavkgu@mail.ru.
Байл.тел.: 8/7232/540-311, +7702-310-30-05.
«Жылдың үздік жас ғалымы» байқауының Ережесі
https://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/nauka/poloj_o_konk_luch_mol_uch.pdf
ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі