Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Жылдың үздік жас ғалымы» байқауы

«Жылдың үздік жас ғалымы» байқауы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жас ғалымдардың ғылыми қызметін ынталандыру мақсатында жариялаған Жастар жылы аясында С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Жылдың үздік жас ғалымы» атағына байқау өткізеді.

Байқау мақсаты – университеттің ғылыми-зерттеу жұмысымен белсенді айналысатын жас ғалымдарын қолдау және ынталандыру, сондай-ақ болашақ ғылыми кадрларды даярлау.

Байқауға 35 жасқа дейінгі магистранттар, докторанттар және университеттің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері қатыса алады.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- «Жаратылыстану және техникалық ғылымдар саласындағы жылдың үздік жас ғалымы»;

- «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы жылдың үздік жас ғалымы».

Жеңімпаздарға ақшалай сыйақылар беріледі:

I орын-100 000 тг.

II орын-50 000 тг.

III орын-25 000 тг.

Өтінімді 2019 жылдың 9 қаңтарынан бастап 1 ақпанына дейін ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімінде қабылданады. Мекен-жайымыз: 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 34, 243 каб., электронды пошта: naukavkgu@mail.ru.

Байл.тел.: 8/7232/540-311, +7702-910-30-05.

 «Жылдың үздік жас ғалымы» байқауының Ережесі - https://www.vkgu.kz/sites/default/files/files/nauka/poloj_o_konk_luch_mol_uch.pdf

ҒЗЖ ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo