Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Зәки Ахметовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру: ғылыми мұра және ұлттық құндылықтар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция - 3-4 мамыр

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2018 жылдың 3-4 мамырында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың және ҚР ҰҒА Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер Зәки Ахметовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Рухани жаңғыру: ғылыми мұра және ұлттық құндылықтар» атты Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференциясын өткізеді.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

Секциялық отырыстар:

  1. «Зәки Ахметов және бүгінгі әдебиеттанудың даму бағыттары»;
  2. «Латын әліпбиі және тіл білімінің өзекті мәселелері»;
  3.  «Көптілділік және қазіргі тілдік жағдайлар»;
  4. «ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі: дәстүр және инновация»;
  5.  «Алтайдың киелі қазынасы».

Дөңгелек үстелдер:

  1. «Академик Зәки Ахметов және қазақ әдебиетінің рухани құндылықтары»;
  2. «Латын әліпбиі – мәңгілік елдің рухани жаңғыруы».

Конференция жұмысына қатысуға ғалымдар, оқытушылар, профессорлар, жоғары оқу орындарының докторанттары, магистранттары және студенттері шақырылады.

Пленарлық отырыс 2018 жылдың 4 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Қазақстан к., 55,  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты, акт залында өтеді.

Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін 2018 жылдың 20 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды өткізу керек:

  • белгіленген үлгі бойынша қатысуға өтінім;
  • төменде көрсетілген рәсімдеу талаптарына сәйкес келетін мақала;
  • ұйымдастыру жарнасының төленгенін растайтын құжат көшірмесі.

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУДІҢ ТАЛАПТАРЫ

Баяндамалар мақала түрінде көлемі суреттер, графиктер, кестелерді қоса санағанда 5-6 беттен аспайтын қағаз нұсқасында А4 (210-297 мм) форматта  қабылданады. Мақала Microsoft Word редакторында Times New Roman (KZ Times New Roman) қарпында теріледі: негізгі мәтіннің қаріп өлшемі – 14 (кестелер, суреттер, график атаулары 10 қаріппен), аралық интервалы – 1, ахат жол – 0,7 см. Жиектері: сол жағы – 20 мм, оң жағы – 17 мм, үстіңгі және төменгі жақтары – 20 мм. Беттің сол жақ шетінде ӘОЖ, оның астында келесі жолда үлкен әріптермен автордың тeгi мен инициалдары (бірінші автор, содан кейін ғылыми жетекші көрсетіледі), келесі жолда кіші әріптермен жұмыс орындалған мекеменің және қаланың атауы жазылады, ары қарай бip жолдан кейін, ортасына - бас әріптермен баяндаманың атауы, одан ары бір жол қалдырып, баяндама мәтіні беріледі. Баяндама ішінде тек сызықша ретіндегі маркерлер, ал нөмірлеу тек жақшасы бар араб сандары түрінде қолданылады. Әдебиеттер тізімін міндетті түрде көрсету қажет (оларға сілтеме тік жақшаның ішінде болуы керек). Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін бір жол қалдырылып жазылады.

Мақала мазмұны үшін жауапкершілік авторға жүктеледі. Көрсетілген мерзімнен кешіктіріп өткізілген және қойылған талаптарға сәйкес емес материалдар қарастырылмайды. Конференцияны ұйымдастыру комитеті баспаға ұсынылатын материалдарды іріктеу құқығына ие.   

                                         МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ  ҮЛГІСІ

ӘОЖ 669.162.214

РАКИШЕВА Д.К., АЛИЕВА Г. К.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, Өскемен қ., Қазақстан

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТУРИСТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ

Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні Баяндама мәтіні. (14 pt)

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1       Пененко В.В., Алоян А.Е. Модели и методы для задач охраны окружающей среды. –Новосибирск: Наука, 1985. -54 б.

2       Марчук Г.И. Математическое моделирование в проблеме окружающей среды. – М.: Наука, 1982. - 19 б.

3       Берлянд М.Е. Современные проблемы атмосферной диффузии и загрязнения атмосферы - Л.: Гидрометеоиздат, 1975. – 48 б.

         Жұмыстарды қабылдау:

Басқа ұйымдардың қызметкерлері үшін: мақаланың электрондық нұсқасы Ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына konfer_vkgu@mail.ru жіберіледі. Файлдың атауында бірінші автордың тегі, ұйымның қысқартылған атауы және құжаттың аты көрсетілуі тиіс, мысалы: Ракишева ШҚМУ өтінім; Ракишева ШҚМУ мақала, Ракишева ШҚМУ төлемақы.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қызметкерлері үшін: мақаланың қағаз нұсқасының бір данасы (беттер саны көрсетілмейді) және электронды турде  Ұйымдастыру комитетіне тапсырылады. Мақалалардың қағаз және электрондық нұсқасы бір-біріне сәйкес болуы керек.

Конференция материалдары жинақ түрінде баспадан шығарылады.

Конференцияға қатысу және жинаққа мақала жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы 3000 теңге көлемінде университеттің келесі банк деректемелері бойынша «Зәки Ахметов конференциясы - 2018» деген міндетті белгімен келесі есепшотқа аударылсын: «Казкоммерцбанк» АҚ ШҚО бөлімшесі,    ЖСН 181800014976, БИН 990240007414, ИИК KZ73926100218V417000,  БИК KZKOKZKX

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ

Қазақстан Республикасы, 070019, Өскемен қ., Казақстан к. 55, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, әкімшілік ғимараты, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, №403 каб.

Байланыс телефондары:

8 (7232) 241-401 – ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру  бөлімі.

 

Қазақ
× You found a Typo