Қыркүйек 2016

Концерт 5 қазанға ауыстырылады

«Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» мерекелік концерті 5 қазан – Халықаралық ұстаздар күніне ауыстырылады.

"Алтын билет" лотерей ұтыс ойыны 5 қазанға ауыстырылады
ҚР Тәуелсіздігінінің 25-жылдығына арналған, жастар акциясының "Алтын билет" лотерей ұтыс ойыны 5 қазанға ауыстырылады. Өткізу орны: әкімшілік ғимараты жанында, сағат 15.00-де. 

Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ

«Алтын тобылғы»: Байқау жарияланады!

«Алтын тобылғы»: Байқау жарияланады!

         Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры жариялаған «Алтын тобылғы» байқауына қатысуға шақырады.  

Байқау мақсаты - Қазақстан әдебиетіндегі жаңа есімдерді танымал ету, жастар мен қауымдастықтың жас авторлардың өмірлік көзқарасын бейнелейтін қазіргі заманғы әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. 

         Байқауға қатысушылардың жас шамасы 18 бен 35 жас аралығында болуы тиіс.

Қазақ

Назар аударыңыздар: «Астана ЭКСПО-2017»

Назар аударыңыздар!

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы АҚ ҚР Энергетика министрлігімен бірлесіп ғалымдар арасында «Болашақ энергиясы» тележобасына байқау жариялады.

Байқаудың бас жүлдесі – ең үздік деген қазақстандық өнертапқыштың жобасын «ЭКСПО-2017» ұлттық павильонында орналастыру. Жобаға қатысу үшін әрбір өнертапқыш азамат өз өтінішін www.yourexpo.kz сайтында қалдыра алады.

Тіркелу оңай. Басты шарт – ұсынған жоба «ЭКСПО-2017» тақырыбына, яғни «жасыл энергетикаға» сай келуі тиіс.

Қазақ

«Ист Вью » біздің университетте

Назар аударыңыздар!

Ресейлік мерзімді басылымдар мен кітаптарының «Ист Вью» ( http://dlib.eastview.com/) Электрондық қорының барлық басылымдарына 1 ай тестілік  кіру мүмкіндігі ашылды. Кітапхана каталогында  жүздеген ғылыми, қоғамдық-саяси және әдеби-көркем журналдар, газеттер, статистикалық жинақтар берілген.

Ресурс университеттің барлық компьютерлерінен ашық, сұрақтармен Ғылыми оқу залына келулеріңізге болады (229 ауд., №1 оқу ғимараты).

Ғылыми кітапхана

Қазақ

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ XXII Спартакиадасы шеңберінде сайыстар өткізу туралы (қыркүйек және қазан)

Хабарландыру

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ XXII Спартакиадасы шеңберінде сайыстар өткізу туралы
(қыркүйек және қазан)

«Здравствуй, ВУЗ» - 28 қыркүйек, №7 оқу ғимараты
«Күзгі кросс» - 5 қазан Октябрь аралы
Шағын футболдан сайыс - 11 қазан, ұлдар
13 қазан - қыздар №1 оқу ғимараты, ашық спорт алаңы.
Гір көтеру спорты - 20 қазан, №2 оқу ғимараты
Қол күресі - 21 қазан, №2 оқу ғимараты.

Барша студенттердің барынша белсенді түрде қатысуларын сұраймыз.
Барлық сұрақтар боынша дене шынықтыру оқытушыларына хабарласа аласыздар.

Қазақ

Назар аударыңыздар, хабарландыру!

Назар аударыңыздар, хабарландыру!

«Дін істері жөніндегі басқармасының» ММ қолдауымен Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Астана қаласы әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ «Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі» аттыгуманитарлық және шығармашылық мамандықтардың орта білімнен кейінгі деңгейінің студенттері, журналистер мен кәсіптік дизайнерлер арасындакелесі үш номинациялары бойыншаРеспубликалықшығармашылық байқауын жариялайды.

Қазақ

28 қыркүйек – ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Қ. Бітібаева атындағы ауданаралық педагогикалық оқулар

28 қыркүйек күні Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО премиясының лауреаты, КСРО ағарту үздігі, Н.К. Крупский атындағы медальдің иегері, «Құрмет» орденінің иегері, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, академик, профессор Қанипа Бітібаеваға арналып «Заманауи білім беруде Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылым» ауданаралық педагогикалық оқулары өтеді.

Қазақ

Құрметті студенттер!

Сіздерді С. Аманжолов атындағы ШҚМУ XXII  Спартакиадасы шеңберінде өтетін, Университет Күніне арналған «Здравствуй, ВУЗ!» сайысына қатысуға шақырамыз.

Аталған сайысқа («Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттерінен басқа) барлық 1 курс студенттері қатыса алады.

Спорттық дода бағдарламасында 60 шақырымға жүгіру, орыннан қашықтыққа секіру, тартылу қарастырылған.

Сайыс 28 қыркүйек күні, сағат 10.00-де Ворошилов көшесі, 148 мекенжайы бойынша орналасқан 7 оқу ғимаратының алаңында өтеді.

Қазақ

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

Аубакирова Роза Аблакимқызын мерейтойымен құттықтаймыз!

Зор денсаулық, жаңа табыстар тілейміз! 

Құрметпен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ұжымы

 
Қазақ

«Ұстаз аты- биік,әрі мәңгілік» атты Университет күніне арналған бағдарла

«Ұстаз аты- биік,әрі мәңгілік» атты Университет күніне арналған бағдарла

30.09.2016

Іс-шара атауы

Уақыты

Өтетін орны

1.

«Университетті кім жақсы біледі?» зияткерлік ойыны

Қазақ

Беттер

× You found a Typo