Құрметті, асыл қыздарымыз!
Университемізде үстіміздегі жылдың 1 - қарашасынан «Қыздар клубы» өз жұмысын бастайды. Ол төмендегідей бағыттарды қамтиды:
1.«Өз құқығыңды білесің бе?». Мұнда сіздерге университет заңгерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз көмегін көрсетеді.
2. «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» атты секцияда сіздерді болашақ ұлт анасы ретіңде қалыптасуға қаламыздың әжелер алқасының мүшелері, университетіміздің көп балалы аналары көмектеседі.