Қазан 2016

4 қараша – «Инклюзивті білім беру: тәжірибе, проблемалар, даму келешегі» ғылыми-әдістемелік семинары

4 қараша күні Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Инклюзивті білім беру: тәжірибе, проблемалар, даму келешегі» ғылыми-әдістемелік семинары өтеді.

Инклюзивті білім беруді енгізу бүгінде Қазақстандағы білім беруді дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады. Инклюзивті білім беруді енгізудің негізгі мақсаттары ҚР-ның 2011-2020 жж арналған білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасымен айқындалған.

Қазақ

29 қазан күні ШҚО және Жамбыл облысының әкімдері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Жамбыл облысының студенттерімен кездесу өткізеді

29  қазан күні ШҚО және Жамбыл облысының әкімдері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Жамбыл облысының студенттерімен кездесу өткізеді. 

Аталған кездесу шеңберінде «Зияткер» ҒБО және Біліктілікті растау орталығын аралау қарастырылған. 

Өткізу орны: Өскемен қ, Қазақстан көшесі, 55, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ әкімшілік ғимараты, 1 қабат «Назарбаевтану» ҒБО. 

Өткізу уақыты: сағат 11.55-12.15 аралығы.

Баспасөз қызметі

Қазақ

29-30 қазан күндері Жамбыл облысының ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

29-30 қазан күндері сағат 9-дан бастап Өскемен қаласында Жамбыл облысының ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 

Аграрилер облыс орталығына өздерінің үздік өнімдерін алып келеді: жылқы, сиыр, құс еттері, бал, көкеністер, шұжық және кондитерлік өнімдер. Жалпы жәрмеңкеде 150 тонна ауылшаруашылығы өнімдері базар құнынан төмен бағамен саудаланады. 

Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі «Fresh Market» дүкенінің аумағында өтеді. 

Баспасөз қызметі

Қазақ

Құрметті студенттер!

Құрметті студенттер!

Біздің университетіміздің «Серпін» қазақ халқы аспаптар фольклорлық ансамбльіне жазылуға болады.

Сабақ кестесі: дүйсенбі сағат 13.00-16.00ге дейін.; бейсенбі сағат 10.00-13.00ге дейін.

Өтетін орны Бажов көшесі,7 №43 дәрісхана.

Байланыс тел.: 877713027151; 87054168787.

Тәрбие жұмысы жане әлеуметтік сұрақтар бөлімі

Қазақ

Студенттер назарына!

Студенттер назарына!

ҚР азаматтығын дәлелдейтін жеке күәлігі бар, жергілікті емес студенттер, тегін медициналық көмек алу үшін, міндетті түрде №2 бөлім учаскісіне (бұрынғы студенттік бөлім) «Амбулаторлық орталық» мекеніне тіркелуі тиіс. Тіркелү үшін №3 оқу ғимараты медпункіне баруы тиіс.

Жұмыс уақыты 9.00-ден -15.00-ге дейін ( жұмыс күндері).

Қазақ

Құрметті, асыл қыздарымыз !

Құрметті, асыл қыздарымыз!

Университемізде үстіміздегі жылдың 1 - қарашасынан «Қыздар клубы» өз жұмысын бастайды. Ол төмендегідей бағыттарды қамтиды:

 1.«Өз құқығыңды білесің бе?». Мұнда сіздерге  университет заңгерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері  өз көмегін көрсетеді.

 2. «Қызым саған айтамын, келінім сен тыңда» атты секцияда сіздерді болашақ ұлт анасы ретіңде қалыптасуға қаламыздың әжелер алқасының мүшелері, университетіміздің көп балалы аналары көмектеседі.

Қазақ

Қайым Мұхамедхановтың қызымен кездесу

27 қазан сағ. 15.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың қызы Дина Мұхамедханмен кездесу өткізіледі. Жазушының  100 жылдық мерейтойына орай өткізілген жүздесуде Дина Мұхамедхан әкесінің  мол адами қасиеттері, әдебиеттегі ерен ерлігі жайында әңгімелейді. 

Қазақ

«Жас талап-2016» ғылыми жобалар байқауы

«Жас талап-2016» ғылыми жобалар байқауы Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы ғылыми жобалардың дәстүрлі «Жас талап» байқауына өтініштерді қабылдаудың басталғандығын хабарлайды.

Байқау мақсаты – студенттер мен жас ғалымдардың ең үздік жобаларын анықтау және қолдау.

Қазақ

Үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе негізінде тәжірибеге бағытталған оқытуды жүзеге асыру

27 қазанында сағат 16.00-де  №1 оқу ғимаратының 218 ауд. (30-ші Гвардия дивизиясы,34)  әдістемелік жұмыс, іс-тәжәрибе және жұмысқа орналастыру бөлімі мен педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасы «Үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты мен мазмұнына жаңа көзқарстар» атты  сұқбат алаңын  ұйымдастырады.

Іс-шара бағдарламасында үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибенің жаңартылған мазмұны және студенттердің  іс-тәжірибе өту барысында қалыптастырылған кәсіби құзіреттіліктерін белгілеу, соңымен қатар іс-тәжирибені жоспарлау  мәселелері талқыланады.

Қазақ

25 қазан - онлайн-конференция «Академик Зәки Ахметов және Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану»

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетімен (Алматы қ.) бірлесе отырып, 25 қазан күні сағ.11.00-де №1 оқу ғимаратының 218 дәрісханасында «Академик Зәки Ахметов және Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттану» атты онлайн ғылыми конференциясын өткізеді.
Аталмыш іс-шара аясында «Зәки Ахметовтың ғылыми мұрасы» атты көрме ұйымдастырылмақ. Конференция модераторы – С.Аманжолов атындағы ШҚМУ стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, филол.ғ.д., профессор Б.А.Ердембеков.

Қазақ

Беттер

× You found a Typo