25 қарашада С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Жастар ғылымын дамыту – зияткер ұлтты қалыптастыру негізі» атты студенттер мен жас ғалымдардың Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференция қонақтары – Thorsten Janus, PhD докторы (Вайоминг университеті, АҚШ); Sang-Mae Lee, PhD докторы, профессор (Пусан ұлттық университеті, Оңтүстік Корея); Оскорбин Николай Михайлович, т.ғ.к., доцент, теориялық кибернетика және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі (АлтМУ, РФ).