Наурыз 2017

Студенттік жолжүру билеттері

Құрметті студенттер!

Сәуір айына арналған студенттердің жол жүру билеттері 50 пайыз жеңілдікпен сатылымда. Билет құны 3850 теңгені құрайды. Оқу мекемелері негізінде 28 наурыздан бастап сатылады. 
Өзімен бірге жеке куәлік немесе студент билеті болуы тиіс. 
Студенттердің жол жүру билеттерін №3 оқу ғимаратының 1 қабатында алуға болады.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім
 

Қазақ

Тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинардың мүшелеріннің назарына!

28 наурызында тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинардың аясында «Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ЖОО-да білім беру сапасын арттыру факторы ретінде пайдалану» тақырыбында кезекті оқыту семинары өткізіледі.

Дәріс беруші – п.ғ.к., компьютерлік үлгілеу және ақпараттық технологиялар  кафедрасының доценті Кубентаева Сания Нурланбековна.

Семинардың өткізілетін орыны мен уақыты: №1 оқу ғимараты, №207 дәрісхана, сағат 14.00

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және

Қазақ

Сәуір айындағы ШҚМУ-да өтетін сайыстар

Сәуір айында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде келесі спорттық іс-шаралар өтеді: 
-С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ішкі XXII спартакиада шеңберінде шахматтар жарыс
- С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректорының Кубогына арналған волейболдан жарыс

Спортклуб

 
Қазақ

30 наурыз - «Қалталы күйеу қайдасың?» комедиялық қойылымының премьерасы

Сіздерді театр күніне арналған «Шабыт» студенттер театрының «Қалталы күйеу қайдасың?» комедиялық қойылымына шақырамыз!

Спектакль 30 наурызында  әкімшілік ғимаратының акт залында сағат 17.00 де басталады.

Билеттін бағасы-200тг.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі

Қазақ

31 наурыз - «Нашақорлық: болашақсыз өмір» науқаны

31 наурызы күні  №3 оқу ғимараты акт залында тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің ұйымдастыруымен «Нашақорлық: болашақсыз өмір» атты науқаны өтеді.
Өтетін уақыт: 16.00.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі
Қазақ

Құттықтаймыз! Құрметті Токтар Анкиевич!

Құрметті Токтар Анкиевич!

 

Сізді 70 жасқа толған торқалы мерейтойыңызбен  университет ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ

22 наурыз күні - Республика алаңында Наурыз мерекесі атап өтіледі

22 наурыз күні баршаларыңызды Республика алаңына Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін атап өтуге шақырамыз!
Өткізу орны мен уақыты: сағат 10-нан 15-ге дейін, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ киіз үйі
Ректорат

Қазақ

«Менің жасыл Қазақстаным» республикалық конкурсы

Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері мен магистранттарын «Менің жасыл Қазақстаным» республикалық байқауына қатысуға шақырады. Байқауды Энергия тиімділік жəне ресурсты үнемдеу Қоғамдық палатасы БҰҰДБ және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қолдау көрсетуімен ұйымдастырады.

Қазақ

17 наурыз - «ШҚМУ АРУЫ-2017»

Құрметті студенттер!
17 наурыз күні сағат 17.00-де С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің әкімшілік ғимаратының акт залында «ШҚМУ АРУЫ-2017» сайысы өтеді.

Сайысқа университетіміздің 10 аруы қатысады. Тек біреуі ғана жеңімпаз болады,тек біреуі «ШҚМУ АРУЫ-2017» атанады.

Өз жеңімпазыңа қолдау көрсетуге кел!

Жастар ісі жөніндегі комитет

Қазақ

«Зорлыққа, қатыгездікке бейім балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу» семинар-тренинг - 17 наурыз

17 наурыз «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес, ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығымен бірлесе отырып, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінде «Зорлыққа, қатыгездікке бейім балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу» тақырыбында облыстық семинар-тренинг өткізеді.

Ректорат

Қазақ

Беттер

× You found a Typo