Наурыз 2017

Құрметті өнер сүйер қауым!

Сіздерді наурыздың 15- ші жұлдызында сағат  15.00-де С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің  №1 оқу  ғимараты 111 дәрісханасында «Ұлтымыз ұлы күнді ұлықтайды, Алаш Орда 100 жылдығын ұмытпайды» атты ақындар айтысына шақырамыз.

Айтысқа университетіміздің жас ақындар мен түлектері қатысады.Келіп, студенттеріміздің өнерін, суырып салма ақындығын көріңіздер!

Тәрбие  жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімі

 

Қазақ

MakerSpace - ашық шығармашылық кеңістік

14 наурыз 12.00-де А.С. Пушкин атындағы кітапханада MakerSpace (Мэйкерспейс) шығармашылық алаңы салтанатты түрде ашылады. MakerSpace – ол облыстық кітапхана мен Қазақстандағы АҚШ Елщілігінің біріккен жобасы. Салтанатқа баспасөз, мәдениет және білім мәселелері бойынша АҚШ елшісінің кеңесшісі Энтони Пахигян қатысады.

Қазақ

Ақпараттық хабарлама

Құрметті әріптестер,

Хорватия, Риека университетінің (EFRI) Экономика факультетінде 03.07-15.07.2017 ж. «International Environment and the European Integration» атты халықаралық жазғы мектебі өтетіні жайлы хабарлайды.

EFRI жазғы мектебінің мақсаты, 2005 ж, бастап студенттердің экономика, заң, политология, Еуропадағы саяси және экономикалық интеграция бағытындағы білімді арттыру. Жазғы мектеп бағдарламасына лекция, семинарлар (workshop) және кеңесшілердің көмегімен топтық жұмыстар кіреді.

Құрметпен, 

Қазақ

«Қазіргі заманғы қоғам дамуы аясында жастарға рухани - адамгершілік тәрбие беру» халықаралық сырттай ғылыми тәжірибелік конференцияның жинағы

«Қазіргі заманғы қоғам дамуы аясында жастарға рухани - адамгершілік тәрбие беру» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жинақталған халықаралық сырттай ғылыми тәжірибелік конференция материалдарын төмендегі сілтеме бойынша көре аласыздар vkgu.kz – ШҚМУ Life – нормативтік құжаттар - «Қазіргі заманғы қоғам дамуы аясында жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру» атты Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған халықаралық сырттай ғылыми тәжірибелік конференция материалдары.

Қазақ

Компьютерлік модельдеу және инженерия бойынша екінше халықаралық жазғы мектеп - 3-14 шілде (Мәскеу, РФ)

Компьютерлік модельдеу және инженерия бойынша

екінше халықаралық жазғы мектеп

3-14 шілде 2017 ж

Мәскеу, РФ

Қазақ

Хабарландыру (ЭКСПО-2017)

2017 жылдың 10-шы маусымы мен 10-шы қыркүйегі аралығында Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» тақырыбында Халықаралық мамандандырылған көрме өткізіледі.

Билеттерді «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, сонымен қатар www.tickets.expo2017astana.com сайтынан алуға болады. «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде бір адам тек 50 билетке дейін ғана ала алады. Барлық ұйымдастыру мәселелері бойынша ШҚО туристік ақпараттық орталығына 8(7232)713-244, 8-777-906-66-17 нөмірлері бойынша қоңырау шалып, білуге болады.

Қазақ

Ғылыми кітапханада «Әйел сұлу көрінер...» атты сурет көшірмелерінің көрмесі

Алғаш рет С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасында «Әйел сұлу көрінер...» атты белгілі қаламгерлердің қылқаламынан шыққан  сурет көшірмелерінің көрмесі өтеді.

Біздің вернисаж алда келе жатқан Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамдарына арналған.  Бұл іс-шараның ерекшелігі – барлық сурет көшірмелері кітап қорынан алынып, кітапханамыздың кең дәліздерінде оқырмандар назарына ұсынылады.

Қазақ

7 наурыз - Мерекелік студенттік концерт

7 наурызда сагат 17.00-де әкімшілік ғимаратта өтетін мерекелік студенттік концерт бағдарламасын тамашалауға шақырамыз.

"Серпін-2050" Штабы

Қазақ

6 наурыз - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара және "Екі жұлдыз" мерекелік байқауы

6 наурыз - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара және "Екі жұлдыз" мерекелік байқауы

Құрметті нәзік жандылар!

Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шараға шақырамыз!
Іс-шара әкімшілік ғимараттың акт залында өтеді.Басталуы сағат 15.00-де. 

Ректорат

Қазақ

Беттер

× You found a Typo