Наурыз 2017

Құттықтаймыз!

12-25 наурыз аралығында ШҚМУ-нің доценті, ф.ғ.к., Мамандықты растау орталығының директоры Келгембаева Бақытжан Бекенқызы Муш Алпарслан университетінің (Түркия) тарих, ғылым және өнер факультетіне Мевлана бағдарламасы бойынша тәжірибе өтуге және дәріс оқуға грант жеңіп алды.

Құттықтаймыз! Сәттілік және жұмысында жеңілдік тілейміз!

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Қазақ

Ақпараттық хабарлама

Кураторлар Кеңесінің кезекті отырысы 3 наурыз күні №1 оқу ғимаратының 257 аудиториясында өтеді (сағат 16.00-де).
Күн тәртібінде: 
1. Ішкі аудиттің қорытындысы (баяндаушы - тәрбие ісі жөніндегі проректор И.В. Ровнякова
2. 2016-2017 оқу жылының 
 жартыжылдығына тәрбие ісі жөнінде жоспар (тәрбие ісі жөніндегі проректор И.В. Ровнякова, бөлім басшысы Р.О. Абдрасулин)

Қазақ

Хабарландыру

Тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинардың мүшелері мен ағылшын тілінде біліктілікті арттыру курсын өткен барлық оқытушылардың, мүдделі оқытушылар мен қызметкерлердің назарына!

2017 жылдың 7 наурызында тұрақты жұмыс істейтін әдістемелік семинардың аясында «Формирование методических компетенций преподавателей, ведущих занятия на английском языке для обучающихся неязыковых специальностей, через  методику предметно-языкового интегрированного обучения (CLIL)» тақырыбында кезекті оқыту семинары өткізіледі.

Қазақ

"Екі жұлдыз" мерекелік байқауына қатысуға шақырамыз

"Екі жұлдыз" мерекелік байқауына қатысуға шақырамыз
Құрметті нәзік жанды арулар!
6 наурыз күні әкімшілік ғимараттың акт залында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын, "Екі жұлдыз" байқауы өтеді. Университет оқытушыларын, қызметкерлерін, студенттері мен магистранттарын қатысуға шақырамыз.
Басталуы сағат 15.00.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім

Қазақ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да Uni Library

Uni жылжымалы оқу залы наурыз айының 1-31 аралығында  (сағ. 9.00-ден 13.00-ге дейін) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Ғылыми кітапханасында қонақта болады. Оңтайлы трансформер-сөрелерге ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде жазылған заманауи оқу және әдістемелік басылымдар қойылған.

Қазақ

Гранттық қаржыландыру жөнінде хабарландыру («Өнімді инновацияларды ынталандыру»)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасын іске асыру шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және Кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін грантттар бағдарламасы бойынша ғылыми- зерттеулер нәтижелерін коммерцияландыруға арналған конкурс жариялайды.

Қазақ

Алғыс айту – игі іс (1 наурыз)

1 наурыз күні сағат 10.00 де облыстық А. С. Пушкин атындағы кітапханада сағат 10.00 де алғыс айту күніне орай «Өмірдің мәні – татулық пен алғыста!» атты мерекелік іс-шара өтеді. 

2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, осы жарлыққа сәйкес көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы  Алғыс айту күнін атап өтеді.

Қазақ

Беттер

× You found a Typo